
Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 1-3 тамыз аралығында «Байсат», «Сәлем» және «Алатау-1» базарларында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мұндағы қызметкерлер мен келушілер кешенді медициналық алдын алу шараларынан өтті.
Медициналық профилактикалық қабылдауларға Жетісу ауданындағы медұйымдар қатысты, олар: №11, №21 емханалар, «Құлагер» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы, №5 емхана, Алматы қалалық ФЗОЖ орталығының, СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, Тері-венерология орталығының, Алматы онкология орталығының мамандары.

Көрсетілген медициналық қызметтер:
- Флюорография;
- Холестерин мен қандағы қант деңгейін өлшеу;
- Көз қысымын өлшеу;
- Артериалды қысымды өлшеу;
- ВИЧ-инфекция, микрореакцияны анықтау үшін экспресс-тестілеу.
«Тұратын жерлеріне қарамастан біз келушілердің барлығын қабылдадық. Базарларда жұмыс жасайтын көрші мемлекеттер азаматтары да дәрігерлердени кеңес алып, медициналық байқаудан өтті. Тіпті кейбіреулері өздерінің қан қысымын білмеген, байқау барысында 21 адамның гипертонияға ұшырағаны анықталды. Олардың тоғызын дәрігерлер жедел қарап, қан қысымдарын ретке келтірді. Стационарлы цифрлы пост жұмыс істеді, сол арқылы адамдар қай емханаға тіркелгендерін білді», - деді қалалық №111 емхананың терапевт бөлімінің меңгерушісі Назым Күшікбаева.

Кеңес алғандар:
500 адам – жалпы практика дәрігері қабылдады, 37 адамның патологиясы анықталды;
204 адам - невропатологке жүгінді, 68 адамның патологиясы анықталды;
141 адам – психологке қаралды, 5 адамға қосымша қабылдау ұсынылды;
119 адам - дерматологте болды, 14 адамның сырқаты анықталды.

Қаралғандар:
107 әйел - онколог-маммологта болды, олардың 17-іне УЗИ и маммографиялық тексеруден өту ұсынылды;
260 адам флюорографиялық тексеруден өтті;
200 адам микрореакцияға қан тапсырды;
300 адам ВИЧ/СПИД қатысты жедел тексеруден өтті, дертке шалдыққандар жоқ.


Қаралғандар:
310 адам - артериалды гипертензиядан өтті, 21-інің артериалды гипертониясы анықталды;
9 адам жоғары артериалды қысыммен түсті, оларға дер кезінде медкөмек көрсетілді, қан қысымдары реттелді және диспансерлік есепке тұру үшін аймақтық емхана бару ұсынылды;
315 адамның көз қысымы тексерілді, 11-інің патологиясы анықталды;
200 адам қандағы қант деңгейін өлшетті, 21-інің қант деңгейінің жоғары екені анықталды, эндокринологтан кеңес алу және қосымша тексеруден өту ұсынылды.

1 - 3 тамыз аралығында Байсат», «Сәлем» және «Алатау-1» базарларының 425 қызметкерлері медбайқаудан өтті және мамандардан кеңес алды.
«Шетсіз қала» акциясы аясында медиктер 5 тамызда «Көкмайса» (бұрынғы «Дорожник») ықшам ауданы тұрғындарын кешенді медициналық бақылаудан өткізді.