Вакцина паспорты Ashyq жобасымен бірігеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді.
КВИ-ге қарсы екпе алған азаматтар қосымшада "жасыл" мәртебеге ие болады, сондай-ақ қоғамдық орындарға шектеусіз бара алады.
А. Қошмамбетов 4 маусымдағы жағдай бойынша Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер саны 1 700-ге дейін өскенін айтты.
«Бұл жалпы ерікті қатысушылардың саны, жоба өзінің халыққа тиімділігін көрсетті. Бизнесмендер жобаға оң баға беріп, оның артықшылықтарын көріп, жобаға қосылғысы келеді», - деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.