
Алматыда биыл 25 мамырда мектеппен қоштасудың дәстүрлі форматы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, қайта қаралды. Қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов олардың онлайн-форматта линейкалар өткізу ұсынылғанын әрі «соңғы қоңырауды» өткізуге тыйым салынбағанын хабарлады.
Қайрат Жұманов биыл «бір сынып – бір линейка» қағидаты бойынша «Соңғы қоңырау» іс-шараларын 9 және 11-сыныптарда өткізу ұсынылғанын айтты. Сондай-ақ, іс-шаралардың барлығы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай ұйымдастырылады.
Айта кетейік, биыл 11 сыныпты 11 337 оқушы бітіреді. Мектеп бітіру кештерін 12-14 маусым аралығында өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қайрат Жұманов аттестаттарды дәстүрлі тапсыру күндізгі уақытта мектеп аумағында өтетінін нақтылады.
Биыл 647 түлек төрт емтихан тапсыру арқылы «Алтын белгі» мәртебесін дәлелдеулері тиіс.