
Алматыда жасыл желек бұдан да көбейе түспек, туралы бүгін онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская хабарлады. Ол тек «жасыл арал» ғана емес, толыққанды бақ болады. Отырғызу жұмыстары «Экологиялық марафон» жобасы аясында жүзеге асырылды.
Наталья Ливинская қалада көктемгі көшет отырғызу науқанының аяқталғанын хабарлады. Осы көктемде 50 мың көшет отырғызылды. 2021 жылы барлығы 350 мың ағаш отырғызылады. Ал, өткен жылы 282 мың ағаш егілген. Н.Ливинскаяның айтуынша, барлық отырғызылған ағаштарды екі жыл бойы мердігерлік ұйымдар суаратын болады.
Сонымен қатар, Рысқұлов көшесінің бөлу жолағында көлік айрығынан Алғабас ықшам ауданына дейін 650 қарағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі таңда 350 көшет отырғызылса, 10 мамырға дейін тағы 300 көшет егіледі.
Н.Ливинская қалада гүлмен көгалдандыру тәсілі қайта қарастырылғанын мәлімдеді. Соның арқасында Алматы қайтадан бақша-қала деген атаумен ассоциацияланатын болады.
«Біз біржылдық өсімдіктерді отырғызу тәжірибесінен бас тартып, көпжылдықтарға көшудеміз. Биыл Есентай өзенінің жағалауын бойлай көпжылдық көшет отырғыздық, оларды жаңа толқын гүлдері деп те атайды. Олай аталуы, маусым айынан бастап күзге дейін кезек-кезек гүлдеуімен байланысты. Біз жолдар мен тротуарлардың жиегіне, сондай –ақ, Әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылдарына гүл егіп жатырмыз», - деді ол.
Басқарма басшысы Наталья Ливинская олардың ведомствосы «Жасыл аула» акциясын аяқтағанын хабарлады.
«Біз 150-ден астам мекен-жайға барып, алматылықтарға 1500 жапырақты ағаш көшеттерін тараттық. Көшеттермен бірге қала тұрғындарына отырғызу және күту ережелері бар брошюралар берілді, сонымен қатар олар күтім туралы кепілдік міндеттемелерге қол қойды», - деп түсіндірді Н.Ливинская.
Мегаполисте ауқымды көгалдандырумен қатар жәндіктермен күрес жүріп жатыр. 15 сәуірден бастап Алматыда жасыл желектерді химиялық және биологиялық әдіспен өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл зиянкестер мен зең ауруларының қоздырғыштарының алдын-алу.
«Ерекшелігі - өңдеу түнде және таңертең жүзеге асырылады. Өңдеуде Қазақстан аумағында рұқсат етілген химиялық препараттар пайдаланылады және олар адам өмірі үшін қауіпті емес. Бүгінгі таңда жұмыстар қаланың барлық 8 ауданында жүргізілді», - деді Жасыл экономика басқармасының басшысы.
Брифинг барысында Наталья Ливинская әлеуметтік желілерде қылқан жапырақты ағаштарға қатысты тараған аңыз әңгімелерді сейілтті. Басқарма зертханалық зерттеулерді бастады, ғалымдар кептірілген шыршалардың бұтақтарынан талдау алды.
«Талдау нәтижелері қылқан жапырақты ағаштарда сапрофитті зең пайда болғанын көрсетті. Мен бұл қауіпті емес екенін атап өткім келеді, бұл өсімдіктерде кездесетін қарапайым микроорганизм. Бұл еуропалық саңырауқұлақр емес. Биологтардың айтуынша, бұл зең аурудың себеп- салдары емес. Зең ауруы температураның күрт өзгеруі мен күнге күйгеннен пайда болды»,- деп қорытындылады Н. Ливинская.