Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен онлайн режимдегі бейнебайланыс конференцияда Алматының индустриалды аймағындағы жобаларды қарау жөнінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша, индустриалды аймаққа қатысушылардың реестріне алты жаңа жоба енгізілді, олар: сэндвич-панельдерді, блоктық модульдер мен металл конструкцияларын («ДорХан - Алматы» ЖШС), металл қоршауларды, көпір және жол топтарын («CELKONSAN Stroy» ЖШС), армирліқ торларды, кварц агломераттары және пішінді құбырлар (««Kapital Construction» ЖШС), газбетон блоктарын («StroyProduction» ЖШС) шығаратын заманауи зауыттыр салу, шағын өндірістік парк, («Алтын Даурен Бизнес» ЖШС), шағын өндірістік парк («Насихатұлы» ЖК) салу.
Бақытжан Сағынтаев инвестициялық жобаларды іске асыру белгіленген мерзімінде іске асуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, индустриалды аймақтың қатысушыларына іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.