«Бақытты Отбасы», «Алатау аналары», «Аналарға көмек», «Зейін»: аз қамтылған отбасылар көмек алу үшін қайда жүгіне алады

«Бақытты Отбасы», «Алатау аналары», «Аналарға көмек», «Зейін»: аз қамтылған отбасылар көмек алу үшін қайда жүгіне алады

Алатау ауданындағы мұқтаж отбасылардың 46 үйіне «Халық банк» қаражаты есебінен тегін газ жүргізілді

 

Алматы қаласы Алатау ауданының жергілікті атқарушы органдары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қалай көмек көрсетіп жатқанын аудан әкімі Азамат Қалдыбеков айтып берді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алатау ауданының 1329 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатынын хабарлады.

Аудан әкімі Азамат Қалдыбековтың ақпараты бойынша, төленетін жәрдемақының жалпы сомасы 203 млн.теңгені құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың арқасында 507 адам санитарлық-курорттық емделуге жіберілді, 4,7 млн.теңге сомасына 407 адам тұрғын үй көмегін алды.

 

«Мемлекет халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, соның ішінде жұмысқа орналасу мәселелеріне де жан-жақты қолдау көрсетеді. Мысалы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1940 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 144 адам , қоғамдық жұмысқа 1229 адам, жастар тәжірибесіне 58 адам, 200 АЕК көлемінде 48 адамға грант беріліп, 461 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды», - деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

 

Сонымен қатар, демеушілердің көмегімен 870 аз қамтылған отбасыға азық-түлік жиынтықтары таратылды, қазіргі уақытта тағы 250-і таратылуда.

 

Аудан әкімі мұқтаж отбасыларды қолдау шаралары туралы айта келе, Алматы қаласы Энерготиімділік басқармасы мен "Халық банкінің" бірлескен жобасы туралы баяндады. Банк қаражаты есебінен аз қамтылған отбасылардың 46 жеке тұрғын үйі орталық газға қосылған.

 

Азамат Қалдыбеков аудан әкімдігі әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатқанын айтты.

 

«Бүгінде ауданда аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында «Бақытты Отбасы» әлеуметтік орталығы және «Алатау аналары», «Аналарға көмек» және «Зейін» қоғамдық қорлары жұмыс істейді. Аталған орталықтар аналарға консультациялық қолдау көрсетіп, базалық тренингтер өткізеді, жұмысқа орналасуға қолдау көрсетеді», - деп жалғастырды Азамат Қалдыбеков.

 

Сонымен қатар, орталықта әйелдер сұранысқа ие тігін ісі, сұлулық саласындағы мамандықтарды игеріп, компьютерлік сауаттылық бойынша оқиды. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды оқыту мәселесіне де көп көңіл бөлінеді, оларды музыка мен өнерге баулып, би және түрлі аспаптарда ойнауды тегін үйретеді.