Бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жас мамандар үшін қолжетімді баспана туралы айтылды. Онлайн-брифинг барысында Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров пен «Отбасы Банк» АҚ Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова «Алматы Жастары» мемлекеттік бағдарламасының артықшылықтары, сондай-ақ тұрғын үй бағдарламасына қатысуға үміткерлерді іріктеудің бірінші кезеңі қалай өткені туралы айтып берді.
Айта кетейік, Алматы қаласының 35 жасқа дейінгі жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 5 % мөлшерлемемен жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беру арқылы бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй алу үшін «Алматы Жастары» қалалық бағдарламасы іске қосылды.
«Ағымдағы жылы бағдарламаға несиенің ең жоғарғы сомасы мен қатыса алатын азаматтар санаттары бойынша өзгерістер енгізілді. Осылайша, бағдарламаға бұған дейін қарастырылған санаттардан тыс құқық қорғау органдарының қызметкерлері қосылды және заемның ең жоғарғы сомасы 18 млн. теңгеге дейін көтерілді», - деді Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров.
Бағдарлама аясында барынша сұранысқа ие мамандықтағы 1000 жас отбасыны қамту жоспарланған: денсаулық сақтау қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, халықты әлеуметтік қорғау саласының және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
«Қабылдау www.almaty-zhastary.kz сайтында 2021 жылғы 10-31 наурыз аралығында электронды түрде электронды цифрлік қолтаңда арқылы жүргізілді. Баллдарды есептеу үшін электронды калькулятор енгізілген. Бұдан басқа, сайттағы жеке кабинет арқылы тапсырылған өтініштің жағдайын өздігінен бақылау мүмкіндігі бар. Өтінімдерді қабылдау барысында қатысушыларға өтініштерді қайта өңдеу мүмкіндігі берілді», - деп толықтырды Ермек Әміров.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша қабылданған 9 741 өтініштердің 5 913-і оң шешіммен қарастырылды, 3 828 өтініштер бағдарлама талаптарына сай келмегендіктен қайтарылды (39 %) (тұрғын үйдің және тұрғын үйді соңғы 5 жылда иеліктен шығару фактілерінің болуы, құжаттарды ұсынбауы, жұмыс орнының таңдаған салаға (санаттарға) сай болмауы).
Бағдарлама талаптарына сай келетін 5 913 азаматтың:
Құқық қорғау органдары саласы бойынша: 754.
Іріктелген азаматтарға сайттағы жеке кабинеттеріне Отбасы банкте төлем қабілеттілікті растау үшін лимиттер шеңберінде жолдамалар беріледі. Осы жолдама 15 жұмыс күн ішінде жарамды. Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 жұмыс күні ішінде бастапқы және қайталама нарықта өз бетімен тұрғын үйді таңдауды іске асырады.
Бағдарлама шеңберінде несиелендірудің негізгі шарттары туралы «Отбасы банкі» АҚ Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова айтып берді:
Қамту - 1000 адамнан кем емес.
Қатысу үшін негізгі талаптар:
немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: бағдарламаға қатысушының немесе отбасы мүшелерінің кәмелетке толғанға дейін алған жылжымайтын мүліктегі үлесі және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда;
Тізімдерге кезекке қосу санаттар бойынша жинаған ұпайлар санымен (ең көп ұпай саны бойынша) анықталады: тіркелген некедегі әрбір жыл үшін – 2 ұпай, 1 (бір) бала болған жағдайда – 1 ұпай, әрбір кейінгі бала үшін – 2 ұпай, осы санаттағы (саладағы) өтілінің әрбір жылы үшін – 2 ұпай.
Тұрғын үй қарыздарын бөлу бөлек санаттар (салалар) бойынша жүргізіледі. Өтінім берушілерде ұпайлар тең болған жағдайда, өтініш пен құжаттарды ерте тапсырған қатысушы басымдыққа ие болады.
Осылайша іріктелген 5 913 қатыушылардың ішінен ең жоғарғы ұпайды құрағандар:
Данагүл Түсіпованың айтуынша, пәтер құны 18 млн теңге болған жағдайда орташа айлық төлем 141 мың теңгені құрайды, егер пәтер құны 10 млн теңге болса, онда төлем 83 мың теңгені құрайды. Егер жалдамалы тұрғын үй үшін жалдау төлемдерімен салыстыратын болсақ, онда ипотека бойынша төлем сомасы әлдеқайда төмен.
Айта кетерлігі, биыл бірнеше мыңдаған жас маман мен олардың отбасылары Алматы қаласында пәтер алу үшін «Алматы Жастары» бағдарламасы аясында берілген жеңілдікті ұзақ мерзімді несиені пайдалана отырып, өз тұрғын үйінің иегері бола алады. «Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша өтпегендердің барлығы келесі жылға іріктеуге қатыса алады немесе өздері үшін басқа да жеңілдікті тұрғын үй бағдарламаларын, мысалы, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға арналған «Шаңырақ» бағдарламасын таңдай алады.