Алматы әкімдігінде қоғамдық қауіпсіздік мәселелері қаралды

Алматы әкімдігінде қоғамдық қауіпсіздік мәселелері қаралды

Полиция Департаментінің бастығы Серік Күдебаев учаскелік полиция пункттеріне (УПП) жүргізілген тескеру нәтижесі, қылмыс деңгейін төмендету жөніндегі ұсыныстар пакеті туралы баяндады.

Стационарлы учаскелік полиция пункттерінің саны артады. Бұдан өзге, криминалды жағдайға жедел назар аударатын мобилді учаскелік пункттер құрылады. Қаланың қауіпті учаскелерінің картасы жасалды.

Осы картаға сәйкес ПД жаяу және автопатрулдің сызбасы әзірледі. Барлығы 550 бағыт бойынша патруль жүргізіледі, яғни күн сайын 300 автоэкипаж бен полицияның 2 мыңнан астам қызметкері қаланы түгел бақылайтын болады.

Б. Сағынтаев аулалар мен қараңғы учаскелерді ескере отырып, сызбаны толықтыруды ұсынды.

«Қылмысты түбегейлі жою үшін нақтылы шараларды қолданып, жаңа тәсілдерді енгізу қажет. Қала әкімдігі тарапынан лайықты қолдау көрсетіледі. Тұрғындар тәулік бойына қаланың кез- келген жерінде өздерін қауіпсіз сезінулері тиіс», - деп атап өтті Алматы әкімі.