
Алматыда жылу маусымы 13 сәуірде аяқталды, оның ұзақтығы 198 тәулікті құрады, бұл нормативтік көрсеткіштерден асып түседі. Онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев хабарлады.
Спикердің айтуынша, 2020-2021 жылғы жылыту маусымы Алматы қаласында температуралық режимді ескере отырып, 2020 жылғы 28 қыркүйекте басталып, жалпы штаттық режимде өтті.
«Жылуға 100% қосылған қала тіршілігін қамтамасыз ететін барлық объектілер мен әлеуметтік нысандар тұрақты жұмыс істеді. Апаттық бұзылу жағдайларына байланысты тұтынушыларды шектеу болған жоқ. Энергия көздері отынның нормативтік және авариялық қорларымен қамтамасыз етілді. Автономды қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеді. Отын жеткізу берілген өтінімдерге сәйкес жүргізілді», — деді Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев.
Спикер алдағы 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындықтың басталғаны туралы айтты. Беркімбаевтың айтуынша, жыл сайын энергия көздерін, қазандықтарды, электр, жылу, су құбыры, кәріз желілерін, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша нақтылы іс-шаралар өтетін болады.
Жалпы, алдағы жылу маусымына дайындық барысы қала әкімінің тұрақты бақылауында.