Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев хабарлады. Басқарма басшысы «Алматы-2020» даму бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтып берді, соның арқасында қалада 312 шақырым су құбыры мен кәріз желілері салынды, сондай-ақ, Алматыға қосылған елді мекендерде тұратын 85 мыңнан астам тұрғын үздіксіз су берумен қамтамасыз етілді.
ӨКҚ алаңында өткен брифингте Айдар Беркімбаев өткен жылы «Алматы-2020» даму бағдарламасы аясында 312 км су құбыры және кәріз желілері, яғни 161 км су құбыры және 151 км кәріз желілері салынғанын хабарлады. Жалпы, 33 жоба жүзеге асырылды, оның 23-і қала шетінде.
«Бүгінгі таңда Ақбұлақ (Алатау ауд.), Думан (Медеу ауд.) шағын аудандарында, Самғау шағын ауданының шығыс бөлігінде (Алатау ауд.) су құбыры мен кәріз жүйесінің құрылысы аяқталды. Бұл қалаға жақында қосылған аумақтарда тұратын 85 мыңға жуық тұрғынды үздіксіз сумен жабдықтауға және су бұруға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қала халқының 98,3%-ның, су бұруға – 85,7%-ы қол жеткізе алады», — деп хабарлады ведомство басшысы.
Биыл басқарма 17 шағын аудан (оның ішінде Құрамыс, Жайлау, Таужолы, Колхозшы, Әлмерек, Кемел, Алғабас, Боралдай, Шұғыла, Ақжар, Қайрат, Самғау (батыс бөлігі), Қарасу, Шапағат, Теректі, Шаңырақ-1, Көкшоқы) бойынша 170 км су құбыры және 140 км кәріз желілерін салуды жоспарлап отыр, бұл орталықтандырылған сумен жабдықтауда 98,5%, су тартуда 85,9% жоспарлы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
А. Беркімбаев «Алматы Су» мен олардың басқармасы бірлесіп жүзеге асырып жатқан екі инвестициялық жоба туралы да сөз қозғады.
2019-2020 жылдарға арналған «Сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарын дамыту» бірінші жобасына сәйкес «Рахат – Мәдениет» кенті (Алатау ауданы) үшін сарқынды суларды айдау станциясының (КСС) құрылысын іске асыру, сондай-ақ Наурызбай ауданында «Қарғалы» шағын ауданында су құбыры желілерін реконструкциялап, кәріз желілерін салу мүмкін болды.Сонымен қатар, Бостандық ауданының «Мирас» шағын ауданында балабақшаға сыртқы кәріз желілері салынды.
Қазіргі уақытта бес нысанда құрылыс жүріп жатыр. Олардың ішінде: Қарасу ш. а. су бұруға арналған кәріздік сорғы станциясы, Наурызбай ауданы «Тастыбұлақ» кентіндегі су құбыры мен кәріздің магистральдық желілері, Бутаковка ш. а. Бейсеуов к. Горная к. Алматы қаласының шекарасына дейін, Наурызбай ауданының Тастыбұлақ ш. а., Түрксіб ауданының «Қайрат» кентінде су құбыры мен кәріздің тарату желілері бар.
«Алматы Су» желісі бойынша екінші мемлекеттік инвестициялық жоба аясында келесі 5 нысанның құрылысы қарастырылған:
— Әйгерім 1, 2 ш. а. су құбыры мен кәрізінің тарату желілері (оңтүстік және орталық бөліктері),
— Наурызбай ауданы «Каменка» кентінде су құбыры мен кәріздің сыртқы желілерін салу,
— Алатау ауданы, Ұлжан-1 ш. а. Жалайыр к. мекенжайы бойынша сыртқы су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы,
— Наурызбай ауданы, Қарғалы өзеніндегі су дайындау станциясы үшін сыртқы инженерлік коммуникациялар салу,
— Алатау ауданы «Алғабас» кентінде тұрмыстық ағынды бұру үшін индустриялық аймаққа дейін су құбыры мен кәріздің магистральдық желілері тартылады және қысымды коллектор салынады.