
Алматы қаласының Алмалы ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жыл соңына дейін 70 жоба жүзеге асырылады. Ауданда аулалар, үйлердің қасбеттері, демалыс орындары пайда болады және ең бастысы инженерлік желілер қайта құрылады. Жобаны жүзеге асыру туралы аудан әкімі Серік Құсайынов айтып берді.
Брифинг барысында аудан әкімі “Бюджетке қатысу” жобасының жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжейлі айтты. Серік Құсайыновтың айтуынша, 5 жоба жаңа қоғамдық орындарды құруға бағытталған, олар мына көшелерде пайда болады: Мұқанов-Құрманғазы, Мұканов- Шевченко, Жароков-Қабанбай батыр, Курильская – Райымбек, скейт және вело-алаңдар салынады (Төле би көшесі Варламов көшесінің бұрышы). Сондай-ақ, 3 гүл бағы абаттандырылып, көгалдандырылады (АРО, Байтұрсынов, Будан). Сонымен бірге, Есентай жағалауының сыртқы көрінісі өзгереді (Төле би көшесінен Мақатаев көшесіне дейін).
Сонымен қатар, “Бюджетке қатысу” жобасының аясында Жасыл экономика басқармасының желісі арқылы Абай атындағы опера және балет театрының гүл бағын реконструкцияялау жұмыстары жүргізілуде. Әлия және Мәншүк, Северный скверлерін реконструкциялау бойынша ЖСҚ әзірленуде. Мұқанов көшесінің бойында Бөгенбай батыр көшесінің бұрышындағы Құтқарушылар жаңа скверін абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Серік Құсайынов биыл 66 аулаішілік бос жерлерге күрделі жөндеу аяқталатынын хабарлады. Ағымдағы жөндеу аясында Төле би, Масанчи, Қожамқұлов, Жамбыл, Қарасай батыр сияқты магистральді көшелердің бойында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің 12 қасбеті өзгертіледі. Сонымен бірге, биыл “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша тағы 2 үйдің қасбеті жөнделеді.
"Өткен жылы Абай-Наурызбай батыр – Райымбек – Назарбаев даңғылдарының бойында орналасқан 68 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттері жөнделді. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен түс гаммасы үйлердің тарихи сәулеттік стилін, сондай - ақ Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының ұсынымдарын ескере отырып таңдалды", - деп толықтырды әкім.
«2016-2020 жылдар аралығында ауданда 698 аула абаттандырылды, биыл тағы 66 аулаға жөндеу жүргіземіз. Тағы 17 аулада анықталған ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Серік Құсайынов.
Аудан әкімінің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың міндеті – жайлы және қауіпсіз аулаларды, қоғамдық орындарды жабдықтау, алматылықтардың бос уақытын өткізуі, балалармен серуендеп, спортпен шұғылданулары үшін лайықты жағдай жасау.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алмалы ауданының көптеген аулалары тұрғындарға жаңарған нұсқада ұсынылатын болады. Айта кету керек, әрбір жобаны әкім өзі жеке тексереді. Сондықтан қалалық ортаның барлық трансформациясы ата-аналар мен балалар үшін, сондай-ақ спортшылар, қарт зейнеткерлер үшін бос демалыс аймақтарын қолайлы етуге бағытталған.
Бұдан басқа, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 59 көппәтерлі тұрғын үйде 105 лифт ауыстырылады.
Сондай-ақ, биыл Алмалы ауданында 67,8 км инженерлік желілер қайта жаңғыртылады, жеке сектордың 6 көшесінің бойында орталық кәріз жүйесі салынады. Төмен қысымды жерасты газ құбырының 178 метр желісі қайта жаңғыртылуда. Ескірген 8,8 км кабель желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол жұмыстар тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қорытындысында Серік Құсайынов «Jasyl Almaty» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы хабарлады. Ауданда 330 ағаш отырғызылса, жыл соңына дейін 5,5 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған, оның ішінде бүгінгі таңда 567 ағаш отырғызылды (оның 40-ы өтемдік, 527 бастамашылық көшеттер). Әкім жас көшеттердің қай жерлерде пайда болатынын толығырақ айтып берді:
30 – Мұқанов гүл бағы (емен, талшын)
60 – Мамыргүл гүл бағы (мамыргүл)
20 – Асфендияров (қарағай)
20 – Сквер «Сосновый (қарағай сквері)
30 – Гагарин көшесі Қарасай батыр көшесінің бұрышы (талшын)
200 – Жамбыл көшесі Клочков көшесінің бұрышы (емен)
121 - Қабанбай батыр көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесінің бұрышы №125 мектептің аумағы;
36 дана. Жұмалиев көшесі, 55 (мектеп аумағы)
30 дана. Ганди гүлзар (үйеңкі).
15 дана. терек Шевченко көшесі Клочков көшесінің бұрышы
5 дана. терек Байсейітова көшесі, Құрманғазы көшесінің бұрышы
Ұлттық академиялық опера және балет теарының гүлзарын абаттандыруды аяқтап, 2 скверді абаттандыруды бастайды.