Алматы қаласы Алмалы ауданының 12 көшесіндегі 15 шақырым жол жаңарады. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов жол жөндеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді.
Әкімнің сөзінше Алмалы ауданында қаланың күре жолдары болып табылатын жалпы ұзындығы 173,3 км 110 көше бар.
«Биыл 12 көшеде 15 шақырым жол төсемін жаңартамыз. Варламов көшесінің бойында жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар Райымбек – Розыбакиев жол айрығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 6 шақырымнан астам тротуар желісін салуды жоспарлап отырмыз. 33,9 км арық желілерін реконструкциялауды бастаймыз», — деді Серік Құсайынов.
Серік Құсайынов көшелердегі жол төсемін жаңарту тұрғындар үшін үлкен маңызға ие екенін айтты, өйткені олардың әрқайсысы мегаполистің көлік жүйесіндегі маңыздысы болып табылады.
«Биыл 4 қиылысты бағдаршаммен жабдықтаймыз және 9 жаяу жүргіншілер өткелін реттелетін бағдаршаммен жаңартамыз», — деді Серік Құсайынов.
Аудан әкімі Қарасай батыр мен Бөгенбай батыр көшелерінің арасындағы Нұрлы жол көшесінің бойындағы тротуардың (190 м) жайластырылғанын, Амангелді көшесінің Абай көшесінен Құрманғазыға дейінгі тротуар желісі жабдықталғанын хабарлады.
Аудан басшысы қаладағы көшелерді жарықтандырудың, әсіресе, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңыздылығын атап өтті. Серік Құсайынов соңғы жылдары Алмалы ауданындағы аулалар мен көшелерді жарықтандыру бойынша түбегейлі өзгерістер болғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта 84 жарықтандырылмаған және ішінара жарықтандырылған учаскелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 1 тоқсанда 143 көше шамдары орнатылды. 12 монументалды ескерткішті жарықтандыру жұмыстары жүргізілді», — деді Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов.
Сонымен қатар, 7 көше бойындағы ескі көше жарығы энергия үнемдейтін LED-шамдарға ауыстырылады; Желтоқсан, Наурызбай батыр, Розыбакиев, Шевченко, Абай (Есентай өзенінен аудан шекарасына дейін), Байтұрсынов, Манас.
Бұл абаттандырудың маңызды элементі ғана емес. Ауданда қабылданып жатқан шаралардың арқасында барлық желілерде қылмыс 30%-дан астам көрсеткішке азайды. Ал олар тіркелген жағдайда барлығы дерлік қалмыстың ізі суымай дереу ашылады. Алмалы ауданындағы бес модульді стационарлық полиция бекеттері 318 азаматтарды қабылдады және 113 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.