Б. Сағынтаев: Алматыда жолдарды жөндеу сапасына бақылау күшейтілді

Б. Сағынтаев: Алматыда жолдарды жөндеу сапасына бақылау күшейтілді

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-сындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында жолдарды жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

20 сәуірдегі жағдай бойынша 37 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 7 магистральді, 30 аудандық маңызы бар көшелер мен шағын аудандардың орталық көшелерінде. 150 ақаулы және 10 люкті, торлы көшелер бар. Жолдарды жөндеу жұмыстарына 377 жұмысшыдан тұратын 32 бригада, 147 арнайы техника бірлігі жұмылдырылған.

3 және 19 сәуір аралығында 376 көшедегі жалпы алаңы 42,2 мың шаршы метрді құрайтын 2573 ақаулы учаскелер жөнделді, оның ішінде 96 магистральді және 280 аудандық маңызы бар көшелер. Сонымен қатар 610 люк пен торлар да жөнделді. 19 сәуірде жалпы алаңы 2,4 мың шаршы метр болатын ойлы шұңқырлар ретке келтірілді. Жолдардағы 86 ақаулар жойылды, 2 люк көтерілді.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев жүргізілген жұмыстардың сапасына бақылаудың күшейтілгені туралы хабарлады. Аудан әкімдері ҚҚБ басқармасымен бірге жөнделген жолдарды тексеретін болады, егер сапасы төмен болса, онда келеңсіздіктерді жою талап етіледі.

Сонымен қатар, барлық кезеңдерде асфальтбетон қоспасының сапасына бақылау күшейтілді — өндіріс үдерісінен бастап асфальт жолға төселгенге дейін. Қоспаны дайындау технологиясына ерекше назар аударылады.

Бұлардан өзге, қала әкімінің айтуынша, апаттық жөндеу және инженерлік желілерді салу жұмыстары кезінде асфальтбетон жабынын ашатын коммуналдық қызметтердің жауапкершілігі күшейтілді. Бақылауды күшейту үшін осындай жұмыс түрлерін жүргізудің бірыңғай ережелері әзірленетін болады.

Аудан әкімдері тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, ақаулы учаскелерді анықтауды жалғастырады. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының барлығы сәуірдің соңына дейін аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, аялдамалар кешендерінің, балалардың ойын және спорт алаңдарының, орындықтардың, сайлау жәшіктерінің, жарық бағаналары мен электр желілерінің жағдайлары тұрақты бақылауда болуда.