
Алматы қаласының санитар дәрігерлері COVID-19-бен ауырғандардың бәрі бірдей үй карантині режимін сақтау бойынша жауапкершілікті өздеріне алмайтынын бірнеше рет айтқан болатын. Инфекцияны жұқтырғандар мен жақын байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, сол арқылы вирустың таралу қаупін арттырады. Осы мақсаттар үшін «Ashyq» мобильді қосымшасы құрылды, соның арқасында келушілерді анықтауға және басқа қонақтар мен қызметкерлерді жұқтыруына жол бермеуге болады. Бүгін онлайн брифингте Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов 9-18 сәуір аралығында Алматыда QR-код арқылы мәртебені сканерлеу кезінде 232 тұрғынның «қызыл» мәртебесі, тағы 39 тұрғынның «сары» мәртебесі расталғанын хабарлады.
Айта кетсек, Алматыда қосымша 341 нысанда пайдаланылуда, тағы 26 өтінім қаралу үстінде. Кәсіпкерлер цифрлық жобаның қандай артықшылықтары бар екенін түсінді. Ең алдымен, бұл мекемелерге келушілердің денсаулығын қорғайдыт және күрделі эпидемиологиялық ахуалда жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
«Коронавирустық пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде бизнес шектеулермен жұмыс істеуде. Бұл кәсіпкерлік қызмет кірісіне айтарлықтай зиян келтірді. Бұл біздің елге де қатысты. Бірқатар бизнесті толығымен жабудың және шектеулерді ішінара алып тастаудың баламасы ретінде «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды. Мобильді қосымшаны Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен біріктіру арқылы келушінің мәртебесі анықталады: ол адамның қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы ма, жоқ па екенін көрсетеді. Яғни, бизнес субъектісі - жобаға қатысушы қабылданып жатқан санитарлық шараларға қосымша бақылауды қамтамасыз етеді», - дейді Сәдуақас Байғабылов.
СЭБД өкілі қаңтар айының ортасынан бастап бизнес субъектілері «Ashyq» жобасына қосыла бастағанын атап өтті. Өткен аптадан бастап кинотеатрлар жобаға қосылды. Қазіргі уақытта М. Әуезов атындағы театрдың өтініші қаралуда. Сәуірдің екінші жартысында «Ashyq» базасына бильярд клубтары мен концерт залдарының кіруі көзделген. Мамыр айында қала «жасыл» аймаққа өткен жағдайда толымдылығы 50%-дан аспайтын жағдайда караоке, банкет залдарын қосу арқылы бұл тізім кеңейтіледі.
Сәдуақас Байғабылов жоба жұмысының арқасында 9-18 сәуір аралығында Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 232 және «сары» мәртебесі бар 39 тұрғын анықталғанын атап өтті. QR-кодты офлайн да, онлайн да сканерлеуге болады.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілі қала тұрғындарына қосымшаның қандай режимде жұмыс істейтінін еске салды:
1. Келушілерге өз телефондарына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон номері бойынша тіркеліп, ЖСН енгізу керек.
2. Мекемеге кірерде өзінің кіруі үшін мекеменің QR-кодын сканерлеу қажет. Экранда мәртебесі шығады (көк, жасыл, қызыл немесе сары).
3. Шығатын кезде де өзіңнің шыққаныңды тіркеу үшін QR-кодты сканерлеу керек.
Келушіде смартфон болмаған немесе осы мобильді қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда жауапты тұлғаға - мекеменің қызметкері қосымшаға келушінің ЖСН енгізу арқылы оның кіруін тіркей алады.
Айтқандай, санитарлық дәрігерлердің статистикасы бойынша қосымшаны қолдана отырып, келушілердің көпшілігі фитнес-орталықтарға барады, екінші орында сауналар мен моншалар, содан кейін компьютерлік клубтар.
Сәдуақас Байғабылов «Ashyq» қосымшасы, жаппай вакцинация, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау - бұл шаралардың барлығы ел тұрғындарына үйреншікті өмір ырғағына оралуға мүмкіндік беретінін айтып толықтырды.
Сондай-ақ, СЭБД басшысының орынбасары егер жобаға қатысушылар «Ashyq»-пен жұмыс істеуге рұқсат алса, бірақ қосымшаның мүмкіндіктерін пайдаланбаса, келушілерді бақылаусыз ішке кіргізсе, олар 230 АЕК айыппұл мөлшерінде карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Қорытындысында Байғабылов жүйені алдау мүмкін еместігін айтты. Себебі барлық деректер жеке және базаға бір енгізіледі, оның үстіне, ұялы телефон нөміріне қосылған.
Мониторинг топтар күн сайын қосымшаны пайдаланатын нысандарды тексереді. Тексерілген 44 нысанның 16-сында бұзушылықтар анықталды. Санитар дәрігерлер халықты жүйені пайдалануға қатысты бұзушылық фактілері болса, онда аудандық әкімдіктерге, СЭҚ-ке және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына хабарлауды сұрайды.