#TAZAALMATY ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ КӨКЖАЙЛАУ ШАТҚАЛЫНДА БАСТАУ АЛАДЫ

#TAZAALMATY ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ КӨКЖАЙЛАУ ШАТҚАЛЫНДА БАСТАУ АЛАДЫ

27 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау шатқалын тазарту бойынша #TazaAlmaty экологиялық акцияның алғашқы кезеңін бастайды.

Челленджге қатысушылар ұзындығы 5 км болатын шатқалға соқпақ жолмен көтеріледі. Жол бойындағы қоқыстар жиналады.

Акцияның мақсаты – мегаполисті қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосу және экологиялық мәдениетті дамыту.

Жалпы қаланы қамтитын #TazaAlmaty акция аясында аудандардың ластанған аумақтары тазаратын болады.

Экологиялық акцияға ниет білдірген барлық қалалықтар шақырылады.