Алматыда құрылыс нысандарына мониторинг жүргізудің интерактивті картасы жасалады

Алматыда құрылыс нысандарына мониторинг жүргізудің интерактивті картасы жасалады

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Интернет-ресурс Геопортал базасында әзірленетін болады.

 

 

Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметі бойынша Интернет-ресурс іске қосылатын және іске асырылатын құрылыстардың жобалары жөніндегі барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

 

Интерактивті режимде көп пәтерлі тұрғын үй кешендері (КТК) және жеке тұрғын үй құрылыстары (ЖК) туралы ақпаратты алуға болады.

 

Қазіргі кезде интерактивті картаны әзірлеуде 94 көппәтрелі тұрғын үй кешендері бойынша ақпарат жинақталды.

 

Базада мына мәліметтер болады:

– жобаның атауы;

– құрылыс нысанының түрі, көппәтерлі тұрғын кешенінің немесе жеке үйдің құрылысы;

– кадастрлық нөмірі;

– келісілген эскиздік жобалар туралы мәлімет;

– АЖТ алғандығы туралы мәлімет;

– құрылысты салушының атауы;

– құрылыстың басталғаны және қашан іске қосылатыны туралы мәлімет;

– автолық/техникалық қадағалау;

– нысанның қай аймақта орналасқаны туралы мәлімет;

– қаржыландыру көзі;

– қанша қабат;

– салынатын алаңы м2;

– ғимарат саны;

– пәтер саны;

– құрылыстың барысы туралы фотосуреттер.

 

Бүгінде интерактивті картаны толтыру үшін жеке тұрғын үй құрылысы туралы ақпарат жиналуда. Кейін мәліметтер базасы ай сайын онлайн режимде жаңарып отыратын болады.

 

Басқарма интерактивті картаның интерфейсін реттеп, оларды тақырыптар бойынша қажетті мәліметтермен толтырды. Ақпаратты жеңіл әрі тез қабылдау үшін дизайны жасалуда. Сондай-ақ, барлық нысандардың «құрылыс паспорты» жасалып, оларды Геопорталдан жүктеу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

 

Бұлардан өзге, интерактивті карта азаматтар мен девелоперлердің ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етуге және құрылыс қарқынын мобильді құрылғылар мен компьютерлер арқылы бақылауға мүмкіндік береді.

 

Қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру үшін жобаларды басқару тетіктері енгізілуде. Файлдар мен жобалық құжаттамаларды бір орталықта сақтау үшін GantPro online-платформасы тестілік режимде жұмысын бастады. Жобалық тәсілді қолдану «проблемалық» объектілерді жедел анықтауға және шұғыл шараларды қолдануға көмектеседі.