Алматы қаласының әкімі, Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев партияның қоғамдық қабылдауында түйткілді мәселелерді шешуге өтініш білдірген тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауда қала тұрғындары ғаламторға қосылу, Рысқұлов даңғылын БАКАД-қа дейін созу, көгалдандыру мен абаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді әлеуметтендіру және жұмыспен қамтуға қатысты сұрақтар қойды.
Барлық сұрақтарға дәйекті жауаптар беріледі. Әр жағдай зерделеніп, қала әкімінің бақылауына алынады.