Алматы әкімі Б.Сағынтаев «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау және дамыту шараларын талқылады

Алматы әкімі Б.Сағынтаев «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау және дамыту шараларын талқылады

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері және инвестиция тарту мен экспорттық әлеуетті күшейтудің негізгі шаралары талқыланды.

Қала әкімі Алматыда ШОБ қолдау көрсетудің бірыңғай өңірлік бағдарламасының қабылданатынын, мұнда әкімшілік кедергілерді жоюдың және мегаполистің инвестициялық тартымдылығын арттырудың нақтылы шаралары көрініс табатынын хабарлады.

«Басты міндет – жұмыс орындарын ашу және инвестиция тарту. Мұнда «Бәйтерек» холдингімен және оның еншілес ұйымдарымен бірлесіп, түсіністікпен жұмыс істеу үлкен рөл атқаратын болады», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған барлық мәселелерге қатысты «жол картасын» бірігіп жасау жөнінде шешім қабылданды.