
ШОБ жұмысына оң өзгерістер енгізу, инвестицияны арттыру, сервисті экономикада тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша бірқатар жүйелі шаралар ұсынылды. Олар: бизнесті қаржыландыру, әкімшілік кедергілерді жою, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, Алматының іскерлік кеңесінің диалог алаңына экономиканы дамыту мәселелерін талқылау мен шешім қабылдау процесстеріне белсенді қалалықтарды кеңінен тарту.
Жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздарды, әлеуметтік осал азаматтарды, әсіресе жастарды бизнеске тартуға айрықша назар аударылады. Мобилді орталықтар құру мен Qolday кәсіпкерлік орталық бұл мәселелерді шешуге ықпал ететін болады.
Б.Сағынтаев барлық мәселелерді бірлесіп шешу қажет екенін атап өтті.
«Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау және кәсіпкерлердің сұраныстарына дер кезінде назар аудару қажет. Экономикалық өсімге қолжеткізу үшін ашық диалог жүргізген жөн», - деді Алматы әкімі.