Құрметті ата-аналар!
КВИ жағдайларының тіркелуінің ұлғаюына байланысты Алматы әкімдігі мүмкіндігінше балаларды үйде онлайн оқуда қалдыруды сұрайды. Сонымен бірге, мұндай мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін мектепте жоғары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес аралас оқыту жалғасатындығы туралы хабарлаймыз. Барлық мектептер дезинфекциялық құралдармен 100% қамтамасыз етілген.