
Этноауыл аумағына «Мәңгілік ел», «Ұлы дала елі» және басқа екі үлкен инсталляциялар қойылады.
Бұлардан өзге, Универсиада аясында Алматы тұрғындары мен қонақтарына барынша қызықты мәдени бағдарламалар ұсынылады.
Қала театрларының бағдарламалары ерекше әрі мазмұнды, мысалы Абай атындағы опера және балет театры мен М.Лермонтов атындағы Акадмеиялық орыс драма театры көрермендерге өздерінің ең үздік қойылымдарын ұсынады. 20 қаңтардан бастап П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик», Дж. Пуччинидің «Флория Тоска», К.Маньенің «Cherchez La Femme», Федерико Г.Лоркидің «Андалузское проклятие» балеттері мен Н.Гогольдің «Ревизор» қойылымдары көрсетіледі. Ал, М.Әуезов атындағы қазақ драма театры, Мемлекеттік республикалық корей муызкалық комедия театры, Қ.Қожамьяров атындағы республикалық ұйғыр театры өздерінің айрықша мазұнды қойылымдарын ұсынатын болады. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында ҚР Еңбек сіңірген артисі Г.Несіпбаевтың басқаруымен орган музыкасының кеші, ҚР мемлекеттік Үрлемелі оркестрінің концерті, халықаралық байқаулардың лауреаттары Жанар Сулейманованың, Амир Бисенғалиевтің және басқалардың концерттері өтеді.
«Балалар әлемді біріктіреді» көрмелері мен шеберлік сыныптары төрт кезеңде (Халык Арена, Алматы Арена, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Республика Сарайы алдындағы алаң); «Шығармашылық әлемді біріктіреді» (Халық Арена, Алматы Арена); «Спорт әлемді біріктіреді» ретроспективті көрме мен пленарлық жұмыстар көрмесі ( Универсиаданың барлық спорт нысандарында); «Универсиада сәті» ( Универсиада нысандарында,Алматының жаңа мұражайында) өтеді.
28-ші қысқы Унивесриадаға арналған арнайы цирк бағдарламасы Қазақ мемлекеттік циркінде ойындар аяқталғанша көрсетіледі, ал 10 ақпанда Республика сарайында Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сейдолла Бәйтерековтың шығармашылығына арналған «Жан досым» атты концерт өтеді.
Атап өтерлік жайт, бүгінгі күні Абай атындағы опера және балет театрында қойылатын «Лебединое Озеро», «Ромео и Джульетта» , «Жизель» балеттеріне билеттер толық салытып кеткен. «Алатау» театрында күн сайын өтетін дәстүрлі музыка концерттеріне де барлық билеттер түгел сатылған.