Алматыда Универсиаданың Алау эстафетасы өтуде

Алматыда Универсиаданың Алау эстафетасы өтуде

Өзінің құттықтау сөзінде Алматы әкімі Қазақстан Тәуелсіздік Мелекеттер Достастығы елдері арасында бірінші болып Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізіп отырғандығын атап өтті.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының басты мақсаттарының бірі- өскелең ұрпаққа деген шынайы қамқорлық. Мемлекет жастардың білім алуына, рухани және денешынықтыру жағынан кемел болуына, денсаулығына тұрақты назар аударуда. Универсиаданы өткізуде Алматының таңдалуы тегін емес. Өйткені,мегаполис тұрғындарының үштен бірі - жастар. Мұнда жоғары оқу орындарының басым көпшілігі орналасқан, 38 университеттерде еліміздің әрбір үшінші студенті білім алуда», - деді әкім.

Қала басшысы өзінің сөзінде Универсиаданың мегаполис келбеті мен Алматының одан әрі дамуына жаңа серпін беретіндігін де жеткізді. Жолдар салынды, жаңартылды, жаңа жолайрықтары пайда болды, қоғамдық көліктің жұмысы жақсарды. «Халық арена», «Алматы» арены, Атлеттер ауылы қазірдің өзінде біздің қаланың визиттік карточкасынга айналды.

«Универсиаданың мол мұрасы бұдан былай алматылықтардың, барша қазақстандардың игіліне қызмет ететін болады. Мысалы, ойындар аяқталған соң кезекте тұрған 1700 адам Атлеттер ауылынан пәтер алады. «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың Мультимедиялық орталығы, Алматы мұражайы және басқа да нысандар мегаполис тұрғындары мен қонақтарына есіктерін айқара ашты. Бұл күндері барлық континенттің мыңдаған спортшылары, туристері, миллиардтаған телеаудиториясы Алматы туралы- мың бояулы қала, мың жылдық тарихы бар қала, Отанымыз тәуелсіздігінің «алтын бесігі» болған қала туралы білетін болады», - деп атап өтті Б.Байбек.

Универсиада Алауы 22,5 мың километр жер жүріп, Қазақстанның барлық өңірлерінде болды. Алматыда Алауды 100 факел ұстаушылар - үздік студенттер, спортшылар, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар алып жүреді. Олардың арасында Олимипда чемпионы, ҚазҰУ-нің студенті Дмитрий Баландин,олимипаданың күміс жүлдегері Елена Хрусталева,әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай, белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова, танымал әншілер Қайрат Нуртас, Али Оқапов және басқа да белгілі алматылықтар бар.

Универсиада Алауы төрт сағат ішінде мегаполистің ең әсем көрікті жерлерімен өтіп,ірі спорт нысандары: «Шымбұлақта», «Медеуде», Б. Шолақ атындағы спорт сарайында, білім орталықтарында болады, «Алматы Арена» стадионында мәреге жетеді, мұнда қазақстанның 16 өңірінен келген өкілдер 28-ші қысқы ойындардың ашылуын паш ететін Салтанатты шарада алау тайқазанын бірге жағатын болады.