
24 ақпанда Алматы қаласында сағат 16.00-де жаңбыр мен қар жауа бастады, ол 25 ақпанда сағат 01.00-де ауа температурасының минус 10 градусқа дейін төмендеуіне байланысты қарға айналды.
Сағат 09.00 жағдайы бойынша дейін қалада 20-30 см, таулы және тау бөктерінде 30-40 см қар жауды.
Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 4867 тонна материал пайдаланылды.
03.00-ден бастап қар күреу үшін колонналар жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен ұйымдастырылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, үстіңгі өткелдерді және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Қар тазалау жұмыстары басталды, таңертеңгі қарбалас уақыттан соң қарды ауқымды сыртқа шығару жоспарланған. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша 1350 текше метр қар шығарылды.
Таңертеңгі қар тазалау жұмысына 653 техника бірлігі, оның ішінде 205 құмлақтырғыш пен 1653 жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, күндіз мезгілмен қар жауады деп күтілуде.