Алматы әкімі даму және қайта құру жөніндегі Европалық банктің басқарушы директорымен кездесті

Алматы әкімі даму және қайта құру жөніндегі Европалық банктің басқарушы директорымен кездесті

Кездесу барысында Наталия Ханженкова өткен жылдың қорытындысы бойынша әлемнің барлық елдері ішінде банк бөлген инвестициялар көлемі бойынша Қазақстанның екінші орын алғандығын айтты. Ол Еврпалық банктің Алматыда ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға қатысуға ынталы және қала әкімдігіне қолдау көрсетуге қашанда дайын екендіктерін жеткізді.

«Біз Алматыда ЖРК желісінің құрылысын жүргізудің стратегиялық маңызды екенін көріп отырмыз. Бұл жоба мегаолистің әлеуметтік және экономикалық дамуына жаңа серпіліс беретін болады. Соңғы бірнеше ай ішінде оны қолға алуда елеулі алғажылжушылық байқалады», - деп атап өтті даму және қайта құру жөніндегі Европалық банктің басқарушы директоры.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде қала әкімдігі ЖРК ұзындығы 22,9 км болатын тиімді қаржы моделінің техникалық шешімдерін жасау үстінде. Жоба қала көлік инфрақұрылымын дамытудың, кептеліс және экология мәселелерін шешу мен жолаушы тасымалының сапасын арттырудың бір бөлігі болып табылады.