Онлайн-кездесу барысында Алматы экономикасының түрлі салаларында серіктестік қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі өзінің аккаунтында Францияның MEDEF International бизнес-қауымдастығымен кездесуінің онлайн форматта өткенін айтты.
«Инвестиция, денсаулық сақтау, сауда, туризм сияқты салалардағы әріптестік қатынасты дамыту мәселесін талқылап, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын қарадық», — деп жазды Алматы әкімі.
MEDEF — «Франция кәсіпорындарының қозғалысы» Франциядағы ең ірі жұмыс берушілер федерациясы болып табылады. Ол барлық салалардағы 800 мың француз кәсіпорындарын біріктіреді. MEDEF — Франция үкіметінің әлеуметтік және экономикалық келіссөздердегі серіктесі.
Францияның MEDEF International бизнес-қауымдастығымен өткен онлайн-кездесуде инвестиция, денсаулық сақтау, сауда, туризм сияқты салалардағы әріптестік қатынасты дамыту мәселесін талқылап, ынтымақтастықтың перспективалық бағыты қаралды.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) February 24, 2021