Б.Байбек – Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың балаларына жан- жақты қолдау көрсетеміз

Б.Байбек – Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың балаларына жан- жақты қолдау көрсетеміз

Мектеп 1981 жылы Алматыда алғашқы көркемөнер жөнінде білім беретін арнайы оқу орны ретінде ашылған болатын, 2005 жылдың ақпан айында оған ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді.

Бүгінгі күні мектептегі 38 білікті маман 5-8 жас аралығындағы 1,5 мың балаға үш бөлім: «Бейнелеу өнері», «Техника мен дизайн», «Клуб қызметі» бойынша сабақ береді.

Мемлекет қолдауы арқасында дарынды балалардың 40%-ға жуығы автомодель, металлды, шыныны, керамиканы көркем өңдеу бағыттары бойынша тегін білім алуда.

Мегаполис басшысы балаларға міндетті білім берумен қатар, олардың рухани деңгейлерінің өсуіне де жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

«Рухани көмек баланың санасын серпілтіп, ой өрісін дамытады. Балаларын түрлі үйірмелерге беруге кейбір жандардың жағдайы көтермейді, сондықтан біз әлеуметтік жағынан төмен қорғалған отбасылардың дарынды балаларына жан-жақты қолдау көрсетеміз. Бүгін балаларға барынша рухани жағдай жасасақ, ертең оның жемісін жейміз. Бұл туралы ел Президенті өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында кеңінен сөз етеді», - деді Бауыржан Байбек.

Мектеп директоры Ханзада Есенова мәдени мұраны сақтау үрдісі балалардан бастау алуы тиіс екенін айтты.

«Көркемөнер, музыка және хореографиялық мектептерді бітірген шығармашыл баланың рухани деңгейі жоғары болады әрі ол қоғам мен мемлекетке көп пайда келтіреді», - деп атап өтті Х.Есенова.

Осы салада бәсекелестікті қалыптастыру үшін мектепті жеке меншікке беру мүмкіндігі қарастырылуда.Мектеп директоры Ханзада Есенованың ойынша жекеменшік формасы жалпы білім беру процесстеріне жаңа серпін беріп, шығармашылық жобаларға көпшіліктің кеңінен қатысуына жол ашатын болады.