Алматыда XVII қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі ашылды

Алматыда XVII қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі ашылды

Алматы әкімі өзінің құттықтау сөзінде мегаполисте қызмет көрсету сервисі мен туристік инфрақұрылымның тұрақты дамып келе жатқанын, елімізге келген әрбір екінші туристің қалада болатындығын атап өтті.

«Бүгінгі күні Қазақстан туристік нарықта өз орнын алуға ұмтылуда, Мемлекет басшысының саясаты арқасында ол үшін барлық жағдайлар жасалуда. Биыл Алматыда дүниежүзілік қысқы Универсиада өтті,Астанада жазда өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі орасан мүмкіндерге жол ашатын болады. Биыл KITF-2017 көрмесіне туризмді дамытуға үлкен назар аударатын әлемнің 30 елінен 500-ден аса қатысушы келді», -деді Б.Байбек.

Көрменің экспоненттері туризм жөніндегі ұлттық және өңірлік басқармалар, қазақстандық және шетелдік туроператорлар, курортты отельдер мен нысандар, авиакомпаниялар мен Әзірбайжанның, Болгарияның,Грецияның,Грузияның, Доминикан Республикасының, Индияның, Индонезияның, Испанияның, ҚХР-ның, Оңтүстік Кореяның, Кубаның, Малайзияның, БАЭ-ның, Татарстанның, Тайландтың, Түркияның, Чехияның және басқаларының интернет- бронберу жүйелері. Бұдан өзге, KITF-2017 көрмесінде Алматы агломерациясының туристік потенциалының тұсаукесері өтті.

Жыл сайын өтетін KITF көрмесі Алматының іскер туристік орталық, сонымен қатар жалпы Қазақстанның туристік әлеуеті жоғары ел ретіндегі имиджін арттыруға оң ықпал етуде. Ішкі нарыққа қатысушыларға халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, ішкі өнімді шығаруға және оны өткізуге орай платформа ұсынылады.