
Алматы әкімі Бауыржан Байбек форум барысында Алматының еліміздің қаржы-экономикалық және мәдени- білім орталығы екендігін, Орта Азиялық өңір экономикасында маңызды орын алатындығын атап өтті.
«Алматы біржарым миллиардтық Қытайға, 180 миллиондық нарығы бар ЕАЭО-қа және 65 миллион халқы бар Орта Азияға сауда жолын ашады. Экономиканың жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін біз 86 тауарлық қағиданы анықтадық, оның басым көпшілігін импорт құрайды, сол арқылы біз жаңа өндірістер ашамыз. Алматы – Ұлы Жібек Жолы бойындағы болашағы зор қала, сондықтан оған инвестиция бөлу өте тиімді», - деді Б.Байбек.
Алматы әкімі бұған мысал ретінде болат өнімдерін шығаратын еліміздегі алғашқы жапондық «Tokyo Rope Almaty» зауытының іске қосылуы екі жақты ынтымақтастықтың нәтижесі екендігін айтты. Қазақстанда мұндай зауыттың ашылуы өнімнің өзіндік құнын Жапониядағыдан 40% -ға төмендетті.
Өз кезегінде Сингапур Респубюликасының денсаулық сақтау, коммуникация мен ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат инвестиция құю үшін Сингапур делегациясы Қазақстанның транзитті және көліктік әлеуетін саралайтынын айтты.
«Азия даму банкінің жақында жүргізген зерттеулері Орта Азия өңіріне инфрақұрылымдық инвестиция құюдың 2030 жылға дейін 500 млрд. долларға жуық болатындығын көрсетті. Біз Сингапурдың Қазақстанға енуін Орта Азия мен Евразиялық экономикалық одақ елдері нарығының маңызды хабы ретінде көреміз. Екі елдің өзара ынтымақтастығы аясында жақсы мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады», - деп атап өтті Сингапур Республикасының денсаулық сақтау, коммуникация мен ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат.

«Сингапурде жұмыс істегісі келетін кез- келген бизнесмен алдына орасан жоспарлар мен реформаларды қойып отырған Қазақстанның зор маңызы мен мәнін жақсы білуі тиіс. Осының барлығы сіздердің елді Ұлы Жібек Жолы мен ЕАЭО дамыту барысында зор жетістіктерге жеткізетініне сенімдімін. Біз үшін Қазақстан осы өңірде бизнеспен айналысудың маңызды әріптесі болып табылады», - деді Сингапур Республикасының сауда, индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун.
Дәл осы күні шетелдік инвестицияларды тартуға, жаңа технологияларды енгузіге, қазақстандық тауарларды өткізуге ықпал етіп, кең жол ашатын «Алматы» ӘКК-ның Қазақстандық- Азиялық- Тнынықмұхиттық палатаға енуі жөніндегі туралы Келісімге қол қойылды.