
Алматы бойынша 2016 жылы негізгі капитал инвестициясы өсіп, 4,8%-ды құрады, ал бюджеттік инвестиция едәуір қысқарып, инвестиция жеке капитал есебінен 34%-ға артты.Машина жасау,жеңіл, химия, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі салалары мен құрылыс индустриясында жаңа өндіріс орындарының ашылуы арқасында өсімге қол жетті. Мұнда құны 195 млрд. теңге болатын 39 жоба қолға алынған, олардың 19 – экспортқа бағытталған, 8 – шетелдіктің қатысуымен.
«Мемлекет басшысы алға қойып отырған маңызды міндеттің бірі еліміздің экономикалық өсуінің жаңа моделі болып табылатын Қазақстанның үшінші жаңғыруында көрініс тапқан, яғни ЖӨӨ-де мемлекеттің қатысуын ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне жеткізу- бұл 15%. Мұнда басты бағыт бизнестің мүддесі мен Yellow Pages қағидалары: яғни, бизнестің ұсынғанына мемлекет қызмет көрсетуі тиіс емес. Алматы бойынша экономикадағы мемлекеттің үлесі қазірдің өзінде 18%-ды құрайды.2016 жылы 18 мемлекеттік кәсіпорын жекешелендірілді. Биылғы жылы ликвидті активі бар 21 кәсіпорынды өткізу жоспарланған.Заңдастыру шарасы қала экономикасына үлкен серпіліс берді, өткен жылы 3,9 трлн. теңгенің актвитері жария етілді, бұл республикалық көрсеткіштің 70%-ын құрайды», - деп атап өтті өзінің сөзінде Алматы әкімі.
Алматыда инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. 2016 жылы «Doing Business» халықаралық рейтингінде Қазақстан Алматы бойынша бағаланып, Швейцария мен Жапониядан кейін 35 орынға көтерілді.Үкіметтік және жергілікті деңгейде жүргізілген реформалар арқасында көптеген қызмет көрсету түрлері жеңілдетілді және автоматтандырылды. Мысалы,техникалық шарттар беру мерзімі 14 күннен 5 күнге қысқарды, артық құжаттар жойылды, құжат берілетін мерзімге енгізілді. Бұлар жергілікті бизнес үшін әкімшілік кедергілерді шектеумен қатар, халықаралық компанияларды тартуға жол ашты. Алматыда тек өткен жылы ғана сегіз трансұлттық компаниялар іске кірісті. Оның жарқын мысалы ретінде өте төзімді габионды өнім шығаратын жапондық «Tokyo Rope Almaty» зауытын айтуға болады.Компания жемісті жұмыс жасауда және Индустриалды аймақта өндірісін кеңейтуді жоспарлауда.
Алматы әкімі инвесторлар үшін пайдалы формат ретінде МЖӘ-ні атап өтті, мұнда кәсіпкерлер ұзақ мерзімді сервисті келісімдер арқылы табыстарын сақтай алады.2016 жылы қалада бизнеспен серіктестік аясында 160-тан аса жоба жүзеге асты, 5,6 мың орынды 175 жеке бала бақша ашылды, қазіргі кезде 20-дан астам жоба қарастырылуда. Атап өтерлік жайт, бүгінгі күні IDC халықаралық корпорациясымен бірге Smart Almaty концепциясы қолға алынған.Оны енгізу озық үлгілермен алмасуға, өндіріс процесстерін автоматтандыруға, Индустрия 4.0 бойынша түрлі шараларды үйлестіруге мүмкіндік береді.