Алматыда 11 ақпанда республикадағы алғашқы әрі жалғыз Креативті индустриялар басқармасы құрылды. Бақытжан Сағынтаев 2019 жылы қаланың 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының басымдықтары, оның негізгі бағыттарының бірі ретінде креативті экономика туралы айтқан еді. 29 қаңтарда қала мәслихатының отырысы өтіп, онда депутаттар жаңа Басқарманы құру ұсынысына қолдау білдірді.
Әлемде креативті эконмика әлеуетінің артуын ескере келіп БҰҰ тұрақты даму мақсатында 2021 жылды Халықаралық креативті экономика жылы деп жариялады. Сонымени қатар, Мәскеуде де ағымдағы жыл креативті экономика жылы аясында өтетін болады, ал креативті экономика қаланың 2025 жылға дейінгі Стартегиялық басты бағыттарының біріне айналады.
Жаңа басқарманың басты міндеті – креативті индустрия саласында өте қажет ең үздік тәжірибені сақтау және молайту, жасау әрі қайта жаңғырту; креативті индустрияның тауарлары мен қызметтеріне жоғары сұранысты қалыптастыру, креативті кеңістікті дамыту.
Басқарма креативті экономиканы дамытудың қазіргі тенденцияларын ескере отырып, дер кезінде құрылды. Әлемдік практика экономиканың барлық бағыттарына шығармашылық интергациясыныңың кеңінен енгендігін көрсетуде, ал бұл экномиканың дәстүрлі бағыттарының көрсеткіштері төмендеген жағдайда қосымша бағаның күрт өсуін қамтамасыз ететін болады.
Креативті инсдустрия басқармасының басты міндеттері белгіленді:
Әлемдегі барынша қарқынды дамып келе жатқан секторлардың бірі креативті экономиканы екені белгілі, ал бұл Алматыда алдағы 3-5 жыл ішінде жалпы өнім өндіруді арттыруға ойдағыдай ықпал ете алады. Өйткені, дамыған елдердің тәжірибесі соңғы 15 жыл ішінде креативті экономиканың ЖӨӨ-де үлесінің 10 есеге өскенін көрсетуде. Кейбір жекелеген елдерде экономикадағы креативті салалардың үлесі дәстүрлі салалардың үлесіне тең немесе одан да көп. Мысалы, Италия экономикасында ауылшаруашылығының үлесі (ЖӨӨ-нің 4,3%-ы), яғни креативті саладағы өндірістің үлесінен (4,9%) төмен.
Оңтүстік Кореяда креатвиті индустрияның дамуы 1997 жылғы экономикалық дағдарыстан кейін, «Халлю» немесе K-Wave Hallyu толқындарынан соң басталды, бұлар корей мәдениетін таратудың бастын бағдарламалары (шоу-бизнес, сән, телехикаялар, фильмдер, поп-музыка, видео ойындар) тарату бағдарламасынан басталды. кескіндеме, аспаздық және т.б.).
Корея ықпал етудің жеңіл тетігі ретінде оны ұтымды пайдалана отырып, жаһандық нарыққа түрлі креативті өнімдерді экспорттауда. Баспасөз және көңіл көтері нарығында Корея әлемде жетінші орында, ал елдің креатвиті индустрияны экспорттау жөніндегі кірісі 2019 жылы 12 миллиард доллардан асты.
Басты мақсаттардың бірі – ұлттық валютаны нығайтудың маңызды факторына айналатын зияткерлік өнімнің экспорттық құрамын арттыру.
Креативті индустрия басқармасын құру шығармашылық белсенділіктің дамутуға ықпал етумен қатар туристер ағынын молайтып, Алматының және жалпы еліміздің имиджіне оң ықпал ететін болады. Бұл мақсаттарға шығармашылық секторды коммерцияландыру, интеллектуалды әлеуетті дамыту және шығармашылық өндірісті кеңейту арқылы қолжеткізуге болады.
Ескерту: Креативті экономика немесе білім экономикасы – бұл зияткерлік қызметке негізделген экономиканың ерекше секторы. Оның негізгі сипаттамалары мыналар: жаңа технологиялардың жоғары рөлі және адамдардың түрлі салалардағы шығармашылық жаңалықтары; болжамның жоғары кезеңі; бұрыннан бар білімнің ауқымды көлемі және жаңа білімді қалыптастырудың шұғыл қажеттілігі.