Алматыда бизнесмен «Туған жер» бағдарламасы аясында К.Байсейітова атындағы мектепке жаңа спорт алаңын сыйлады

Алматыда бизнесмен «Туған жер» бағдарламасы аясында К.Байсейітова атындағы мектепке жаңа спорт алаңын сыйлады

«Тәуелсіздік жылдары қазақстандық бизнес айтарлықтай нығайды, соның арқасында бүгінгі күні нақтылы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыра алады. Президенттің «Туған жер» бағдарламасына қолдау білдіре отырып, біз мектепке жаңа спорт алаңын сыйлауды ұйғардық. Өйткені, денсаулығы мықты ұлт жастардан қалыптасады. Оқушылар бұдан былай тек шығармашылық конкурстарда ғана емес, спорттық додаларда да жеңіске жетсін», - деді кәсіпкер Ерболат Қасымов.

Оқу орнының директоры Оңдасын Абдуллаев өзінің сөзінде күніне 5 сағат бойы дайындалатын балаларға денешынықтырумен айналысудың өте маңызды әрі спорттың берер пайдасы мол екенін айтты.

Жаңа спорт кешені европалық стандарт бойынша салынған, мұнда футбол және баскетбол алаңдары бар. Австриядан әкелінген арнайы төсеніш. озық дренажды жүйе, жарық көздері кез- келген уақытта және түрлі ауа райына қармастан спортпен айналысуға кең мүмкіндік береді. Жобаның құны 29 млн. теңгені құрайды.

Дарынды балалардың Күләш Байсейітова атындағы республикалық орта арнайы музыкалық мектеп- интернаты 1948 жылы ашылған болатын. Мектептің оқу корпусы 480 оқушыға арналған, мектеп жанындағы интернатта 110 оқушы тұрады, балаларға 187 педагог дәріс беруде.