Алматыда «Туған жер» бағдарламасы бойынша балалар үйіне 170 млн. теңгенің көмегі көрсетіледі

Алматыда «Туған жер» бағдарламасы бойынша балалар үйіне 170 млн. теңгенің көмегі көрсетіледі

«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қоры директорының орынбасары Ғайша Сыздықова жоба барысында спорт залының, тамақтану блогының қайта жасалатынын, аула айналасының абаттандырылатынын, компьютерлік жабдықтармен жарақтандырылатынын,ресурстық базаның жаңартылатынын айтты.

«Біз Президент ұсынған «Туған жер» бағдарламасын алғашқылардың бірі болып жүзеге асыруды өзімізге борыш әрі құрмет санаймыз. Жергілікті билікпен, «Халық» қайырымдылық қорымен» бірлесе отырып, №1 балалар үйін түгелдей қайта жөндеуден өткізіп, жаңартамыз. Білім беру жүйесін жетілдіру, оны жоғары деңгейге көтеру үшін үлкен жұмыстар жүрігізіледі. Ақпараттық технологияларды меңгеру,мектептен тыс бағдарламалар бойынша сабақтар өтеді, түлі шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, балалар үйі педагогтарының біліктілігін арттыру да қакрастырылған», - деп атап өтті Ғ.Сыздықова.

Өз кезегінде «Халық» қайырымдылық қоры» жеке қорының директоры Әсел Тынышбекова 3 жастан 18 жасқа дейінгі 109 бала тәрбиеленіп жатқан балалар үйінің білім беру- тәрбиелеу қызметін дамытуға, материалдық – техникалық жарақтандыруға және инфрақұрылымын дамытуға қор тарапынан 170 миллион теңге бөлу жоспарланғанын айтты.

Атап өтерлік жайт, «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Президентінің жеке бастамасы бойынша 1998 жылдың 15 желтоқсанында құрылған болатын. Қордың миссиясы – халықаралық стандарттарға сай Қазақстанның білім жүйесін дамытуға ықпал ету.