Алматы әкімі Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті

Алматы әкімі Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті

Митрополит Александр өзінің сөзінде конфессионаларалық және ұлтаралық бейбітшілік қалыптасқан, түрлі дін өкілдері арасында өзара құрмет пен келісім орныққан Қазақстанның бүгінгі күні жаһандық діни диалогта ерекше орын алатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты арқасында Ұлы дала жерінде бейбітшілік пен келісім салтанат құрып отыр. Бірде - бір мемлекетте Қазақстан Халықтары Ассамблеясы институты жоқ. Бұл шынайы адами қатынастар, өзара келісім мен түсіністік, түрлі ұлттар мен діни көзқарастар жинақталған дилог тұғыры болып табылады», - деді ол.

Өз кезегінде Кипр православ шіркеуінің Митрополиті Исайя Тамасосский конфессияаралық және ұлтаралық келісім арқасында Қазақстанның өркен жайып отырғандығын жеткізді.

«Бүгін таңғы уақыт кезінде Болгар шіркеуінің өкілі Митрополит Николай екеуміз Алматының бойымен келе жаттық, үстімізде алты клирикті қара белбеулі киім, өзге елдерде осы киіммен көшеде жүрсек, адамдар бізге таңдана қарап, өзара күбірлесе жөнеледі, ал сіздерде бізге күлімсіреп, ерекше мейірім сыйлағандай болды, біз өзімізді жат елдік ретінде сезінбедік. Міне, бұл мұндағы адамдардың расында да бейбіт өмір сүріп жатқанын көрсетеді, біз сол үшін қуандық. Мен бейбіт өмір сүріп жатқандарды өз көздерімен көру үшін біздің киприооттарды турситер ретінде Қазақстанға шақыру керек екен дер бірден ойладым», - деді Исайя Тамасосский.

Атап өтерлік жайт, Алматыда 178 діни бірлестіктер тіркелген, олардың 23 Православ шіркеуіне қарайтындар. 100 культтік нысандар жұмыс істейді, олардың ішінде 19 православ храмдар бар.