Алғашқы жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесіне 15 мыңнан астам алматылық жастар келді

Алғашқы жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесіне 15 мыңнан астам алматылық жастар келді

Алматыда бүгінгі күні 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта 700 мыңнан астам жас бар, олардың 435 мыңы – экономикалық белсенді жастар. Тек соңғы 5 жыл ішінде жастардың үлесі 10%-ға артты. Жасалған болжам бойынша, Алматыда 2020 жылы экономикалық белсенді жастар қатары 500 мыңнан астам адамға артады деп күтілуде.

Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Алматы экономикасы үшін жастардың драйвер әрі ірі мегаполис ретінде мұнда жастарды жұмыспен қамтудың актуальді екендігін айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматыда 2017 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Біз «Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасын» жасадық. Құжатта жастар үшін жүзеге асатын кешенді шаралар жинақталған. Жол картасы жастар арасында кеңінен талқыланды, Қоғамдық кеңестің қолдауына ие болып, қала мәслихатында бекітілді. Жол картасының басты мақсаты- мегаполис жағдайында қаладағы әрбір жастың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, жан- жақты дамуына барлық жағдайды жасау. Біз жастар ісіне бизнесті, оқу орындарын тарта отырып, жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құратын боламыз. Соныдқтан, биыл жұмыспен қамту саласын қаржыландыруды бес есе арттырып, 5 млрд. теңге бөлдік», - деді Б.Байбек.

Жастарды 2020 жылға дейін қолдаудың Жол картасы негізгі бес бағыттан тұрады, олар- сапалы білім, жұмыспен қамту, мәдени демалыс және салауатты өмір салты, тұрғын үй және жас отбасыларды қолдау, белсенді жастар қаласы.

Жол картасын жүзеге асыру үшін 7,2 млрд. теңге бөлінеді. Сонымен қатар, бұрынғы трамвай паркінің ауласында Лофт-орталық ашылып, мұнда жастарға қызмет көрсету аймағы, коворкинг орталық, 5 шеберхана, оқу және конференц залдары, English club, мемлекеттік тілді оқыту орталығы, 10 білім секциясы жұмыс істейді. Лофт-орталықта 25 ҮЕҰ 3 мыңнан астам жастармен қоян- қолтық жұмыс атқарады. Бұдан өзге, Лофт-орталық базасы негізінде сырттан келген жастармен жұмыс істеу Орталығы, карьера Орталығы, жатақханаға жетекшілік Орталықтары да болады. Яғни, жастар бір мекенжайдан өзіне керек ақпаратты, қолдауды, алып, проблемаларын шешіп, алға қойған ісін дамытады.

Жол картасы аясында Қазақстанның «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкімен» бірге жастардың үй сатып алулары үшін жеңілдетілген несие берудің мүмкіндіктері қарастырылуда. Заемнің жылдық мөлшері 5%. Жас отбасыларға арнап жатақхана салу үшін 3,7 млрд .теңге бөлінді. Кәсіпкерлер субьектілеріне несие бөлу механизмдері арқылы 320 отбасын нмесе 16000 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Жол картасында жастарды жұмыспен қамтуға айрықша назар аударылған. Жастар практикасына қатысушылар қатары жыл сайын 500 ден 2000 аадамға артатын болады. Биыл түлектерді жастар практикасына жіберу үшін қосымша 500 млн.теңге бөлінді.

Биыл алғаш рет жұмыссыз және өздігімен еңбек етіп жүргендерге микронесие беру үшін 1 млрд. теңге бөлінді. Олардың әрқайсысы өзінің бизнес- жобасын іске асыру үшін 18 млн. теңгеге дейін микронесие ала алады. Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 мыңнан астам жұмыссыз жастар қысқа мерзімді курстарға қатысып, мамандық алып шығады.

Биыл 2,5 мың мектеп түлегінің колледждерде тегін білім аулары үшін 495,8 млн. теңге бөлінген, атап өтерлік жайт, олар 16 759 теңге стипендия алады және бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Алғашқы жалпықалалық жәрмеңкеге 5 мыңнан астам жүмыс орындарын ұсынған 100 жұмыс беруші қатысты. Олардың арасында «LG Электроникс Алматы», «Кока-Кола Алматы Боттлерс», «НГСК КазСтройСервис», «Эйр Астана», «Алматытелеком», «Хуавей Текнолоджиз Казахстан», «Евразийский банк», «Альфа-Банк», «RBK Банк» «KaspiBank» және басқалары бар.

Жәрмеңке барысында жастарға түйндемені жасауды, жұмыс берушіге ұнауды, жеке ерекшеліктерін көрсете білуді үйреткен тренингтер өтті. Осыған ұқсас пайдалы шаралар Орталық мешітте де ұйымдастырылған болатын. Таяу арада қала базарларында жұмыспен қамтудың 54 жедел пункттері ашылады.