
Оқу жылының аяқтаулымен оқушыларды, мұғалімдер мен ата- аналарды құттықтаған Бауыржан Байбек Алатау ауданында соңғы бес жыл ішінде бес жаңа мектеп салынғанын, биыл тағы да бір мектеп құрылысының басталғанын айтты.
«Қалада сапалы әрі заманауи білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуда .Президентіміз Н.Ә.Назарбае ең басты капитал адам екендігін үнемі айтады, бюджеттің басым бөлігі білім беру саласына жұмсалады. Биыл Алматының барлық мектептерін линогофонды кабинеттермен қамтамсыз етуге қаржы аударылды. Физика, биология, химия кабинеттері қажетті заттармен 100 пайыз қамтамасыз етілді, қаланың барлық мектпетерінде кеңжолақты интернет қолжетімді болады. Мен түлектрдің емтихан сындарынан сүрінбей өтулеріне тілектеспін. Емтихан – балалар үшін де, олардың ата- аналары үшін де ауыр сынақ, бірақ мұғалімдер берген сапалы білім мен өнегелі тәрбиенің арқасында жас түлектердің биік межелерге жететініне сенімдімін», - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі оқу процессімен қатар оқушылардың жазғы демалыстарын ұтымды ұйымдастыру қажеттігін де атап көрсетті. Жазғы каникул кездерінде балалар үшін клубтар, үйірмелер, балалар лагерьлері жұмыс істейтін болады.
Жалпы, алматылық мектеп оқушылары жыл сайын республикалық олимпиадалар мен түрлі ғылыми - жобалық конкурстарда жүделі орындарды иеленіп келеді. Биылғы жылы Алматы мектептерінің 78054 түлегі үшін «соңғы қоңырау» соғылды.