Ашық есік күні Алматы Онкологиялық орталығында 13 ақпан күні 9.00-13.00 дейін өтеді

Ашық есік күні Алматы Онкологиялық орталығында 13 ақпан күні 9.00-13.00 дейін өтеді
Алматы Онкологиялық орталығында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтеді. Бұл күні бастапқы қарап-тексеруден өтіп, біздің Орталықтың жетекші мамандары: маммолог, гинеколог, хирург, онкодерматолог және урологтан консультациялар алуға болады. Сондай-ақ, көрсеткіштері бойынша сүт безіне, іш қуысы органдарына және кіші жамбасқа ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілетін болады.
 
«Тәжірибе көрсеткендей, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтаған кезде 95%-ға жуық емдеудің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге болады. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау тезірек сауығып кетудің кепілі болып табылады», — деп Алматы Онкологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Төрешева атап өтті.
 
Акция Алматы қаласы, Папанин көшесі 220, А литері, 1 қабат мекенжайы бойынша өткізіледі.
 
Қосымша ақпаратты +7 (727) 312 2474 телефоны арқылы біле аласыз.