
4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту, газбен жабдықтау желілерінің құрылысы, Open Space азаматтарды онлайн қабылдау: Алматыда Медеу ауданы әкімінің есеп беру кездесуі өтті.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Шетсіз қала» қағидаты бойынша қаланы дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Медеу ауданында тұрғындардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту бойынша шаралар қабылдануда. Халықпен есептік кездесу барысында Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады және үш сағаттық эфир барысында қала тұрғындарының 70 сұрағына жауап берді.
Сумен жабдықтау және су бұру
«Алматы-2050» даму стратегиясына сәйкес біздің алдымызда Ақ-қайың, Көлсай, Сұлусай, Алатау, Мұзтау, Думан, Кеңсай шағын аудандары мен Каменское плато тұрғын алабын дамыту міндеті тұр»,-деп атап өтті аудан әкімі.
Осы мақсатта Медеу ауданында инженерлік желілерді тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Думан ш.а. жалпы ұзындығы 44,5 км болатын сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілерін төсеу бойынша жұмыстар аяқталды. Осыған ұқсас жұмыстар Мұзтау, Көлсай. ш. а.Каменское плато шағын ауданында да жүргізілуде, жалпы сомасы 300 млн теңгеге резервуар салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Широкая щель ш. а. жалпы ұзындығы 3 км 0,4 кв электрмен жабдықтаудың инженерлік желілерін төсеу бойынша жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ 3 трансформаторлық қосалқы станцияны ауыстыру және 4 қосымша қосалқы станцияны орнату жұмыстары жасалды.
Жаяу жүргіншілер аймағы: ауданды абаттандыру бойынша жобаларды жүзеге асыру
Ауданды абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Осылайша, Кіші Алматы өзені жағалауына күрделі жөндеу жүргізілді, 6 шағын бақ пен бульварда балалар алаңдары мен спорт кешендері қайта жаңартылды. Талғар трактісінің Тіксай өзенінен қала шекарасына дейінгі жаяу жүргіншілер аймағына ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Сонымен бірге, қалалық Басқармалар желісі бойынша ауданда келесі жұмыстар жүргізілуде:
Ауданда 7 мыңнан астам адам тұратын 129 ескі үй бар. 2015-2019 жылдар аралығында 175 үйге күрделі жөндеу жүргізілді. 2023 жылға дейін 223 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. 2013-2019 жылдар аралығында 174 лифт ауыстырылды. 2025 жылға дейін 50 лифтіні жаңғырту және қайта құру жоспарлануда.
Жарықтандыру
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың көшені жарықтандыруға қатысты тапсырмасы аясында Достық даңғылы бойынша сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Шамдардың саны 1148 дана, ұзындығы – 24 км. тіректер-775 бірлік.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданда 76 бірлік көлемінде Гурилев, Сәрсенбаев, Говоров, Щучинская, Бурабай көшелеріне сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылды.
Сонымен қатар, жарықтандырылмаған және ішінара жарықтандырылмаған көшелер мен аулаларға алдын ала есептеу жүргізілді. Аудан бойынша 273 көше аталған Тізбеге енгізілген. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қолданыстағы МЖӘ жобасы аясында сыртқы жарықтандыру желілерін салу келесі жылға жоспарланған.
«Бюджетке қатысу»
«Бюджетке қатысу» жобасы аясында жалпы сомасы 334,3 млн.теңгеге 7 жоба іске асырылды., 145 жұмыс орны құрылды:
- Бутаковка ш / а, Бейсеуов к-сі учаскесін абаттандыру
- «Думан-2» шағынаудандағы саябақты абаттандыру.
- «Жарбұлақ» өзенінің қоршаулары
- Атырау ш / а, Рысқұлов д-лы учаскесін абаттандыру
- Алатау ш / а., Ибрагимов к, учаскесін абаттандыру
- «Самал-1» шағынаудандағы саябақты абаттандыру.
- 3 жер асты өткелдерінде көлбеу 8 көтергішті орнату.
Өткен жылы тұрғындар Медеу ауданы бойынша жалпы сомасы 2,8 млрд.теңгеге 83 жобалық ұсыныс орналастырған болатын. Сараптамалық комиссия отырысының және тұрғындардың дауыс беру қорытындысы бойынша 2021 жылға 798 млн.теңге сомасына 20 жоба жіберілді.
Газдандыру
Бүгінгі таңда Медеу ауданы 95% - ға газдандырылған. Инвесторлар есебінен жалпы ұзындығы 738 метр болатын 39 үйге арналған газбен жабдықтау магистральдық желілерінің құрылысы бойынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, инвестормен жалпы ұзындығы 1250 метр болатын 50 үйді газға қосу мәселесі пысықталуда. Есептік кезеңде 7 үй қосылды, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, «Ski Resort» туристік базасын газбен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 3 200 метр магистралды газбен жабдықтау құбыры монтаждалды.
Жұмыспен қамтамасыз ету
Жұмысқа орналастыруға келетін болсақ, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан бойынша жыл басынан бері 4169 адам жұмысқа орналастырылды. «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Медеу ауданы бойынша 9 жоба анықталды. 345 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 174 адам жұмысқа орналастырылды, электрондық еңбек биржасы арқылы 184 адаммен еңбек келісімшарттары жасалды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: пандемия жағдайында тұрғындармен онлайн кездесулер
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланыстың тиімділігін арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Әлеуметтік желілердің белсенділігін ескере отырып, Фейсбук, Инстаграм, «WhatsАpp» мессенджері, интернет-ресурстар арқылы халықпен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан 25 желтоқсанына дейін әлеуметтік желілер, ватсап және Open Almaty арқылы 7826 өтініш келіп түсті.
Медеу ауданы әкімдігінің жанынан «Алматы-Адалдық Алаңы» жобасы аясында келушілерге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған Open space кеңсесі ашылды. Бұл бір терезе қағидаты бойынша тұрғындар сұрақтар қойып, жедел жауап ала алатын алаң. Кез келген адам мамандардың кеңесін алдын ала жазылусыз ала алады. Кеңседе өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған орын жабдықталған, онда тұрғындар ЭЦҚ кілтінің көмегімен ХҚКО-ның бірқатар қызметтерін ала алады.
Сонымен қатар, Open space кеңсесінің алаңында аудан тұрғындарымен онлайн кездесу жүйесі іске қосылды. Ауданның барлық салалық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.