
Алматыда аудан әкімінің кезекті есеп беру кездесуі өтті. Бүгін Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, 2021 жылға арналған негізгі жоспарлар туралы айтып берді.
Білім беру саласында инфрақұрылымды жақсарту
Оқушылар мен мектепке дейінгі орындардың тапшылығын қысқарту және білім беру сапасын арттыру мақсатында ауданда жалпы білім беру мекемелерінің құрылысы мен күрделі жөндеу жүргізілуде. № 140 гимназияға жапсарлас 300 орынға арналған құрылыс аяқталды. №38 және №60 гимназияларға, сондай-ақ №191 жалпы білім беретін мектепке жапсарлас құрылыс салу жалғасуда. №40, 45, 81 3 мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізілуде. 28 балабақшада жөндеу жұмыстары аяқталды. «Асыл Тау» тұрғын үй кешенінің аумағында 195 орындық №191 балабақшаның құрылысы аяқталды. Нұр Алатау шағын ауданында 45 орындық «Альтар» жеке меншік балабақшасы ашылды. №113 бөбекжай ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарымен сейсмикалық нығайту және күрделі жөндеу жоспарлануда.
Қолданыстағы 250 орындық ғимаратты бұза отырып, М.Төлебаев атындағы №5 музыкалық мектеп ғимаратының құрылысы аяқталды. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тегін негізде «Әуен әлемі» мектебі ашылды.
«Ағымдағы жылы біз білім саласына баса назар аударуды жоспарлап отырмыз. Біздің ауданда 56 мемлекеттік және жекеменшік мектеп жұмыс істейді, сонымен қатар 5375 оқушы орнының тапшылығы бар. Біздің ауданда жаңа мектептер салу үшін жер телімдері жоқ екені баршаға мәлім. Сондықтан оқушы орындарының тапшылығы мәселесі қолданыстағы оқу орындарына қосымша құрылыс салу арқылы шешілуде», - деп атап өтті аудан әкімі.
Биыл 3000 орындық бес мектепке жапсарлас құрылыс салуды аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, үш мектепте және бір балабақшада сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Амбулаториялар қадамдық қолжетімділікте
Бостандық ауданында үш дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, «МИПО»клиникасының құрылысы аяқталды. Клиниканың қуаттылығы 40 оңалту төсегін құрайды, 100 адамға арналған жаңа жұмыс орындары құрылды.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша сапалы медициналық қызмет көрсету және аудан тұрғындарына медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы 2 дәрігерлік амбулатория ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының ғимаратына 70 төсек-орынға арналған қосымша құрылыс салу бойынша жұмыстар басталады.
Ауданда сондай-ақ «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы ҚБ жанында «Ten Qogam» әлеуметтік орталығы жұмыс істейді.
Жыл басынан бері және карантин кезінде барлығы 21 576 көмек көрсетілді. Оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар - 17 528, мүгедектер - 2275, ардагерлер мен зейнеткерлер - 1773.
100 аула аумағын жөндеу
Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындардың тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсарту үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 39 КПТҮ жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын атап өтті.
2020 жылдың 12 айында 545,0 мың м тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: ЖТҚ - 92,2 мың ш.м, КПТҮ - 452,8 мың ш.м. 2020 жылы 29 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттері сырланды, 28 КПТҮ-де жалпыүйлік мүлікке күрделі жөндеу жүргізілді. 120 аула, 20 балалар алаңы абаттандырылды.
Сонымен қатар, биылғы жылы 100 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізіліп, 70 аулаға ЖСҚ әзірленетін болады. Ағымдағы жөндеумен 130 аула аумағы қамтылады.
Ескі үйлерге келетін болсақ, ауданда 1960 жылға дейін салынған 277 (жалпы тұрғын үй қорының 15,4%) тұрғын үй бар. Ескі үйлерді бұзу бағдарламасы аясында 8 шаршы көше анықталды, онда 2 және 3 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер бұзылуға жатады. 2021 жылы Розыбакиев – Сәтпаев – Катаев – Солодовников көшелерінің квадратын игеру жоспарланып отыр, қазіргі 10 ескі үй бұзылған.
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасымен және «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, қалған ескі үйлерді игеру бойынша жеке инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.
Газдандыру және инженерлік желілерді жаңғырту
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Шетсіз қала» қағидаты бойынша қаланы дамыту туралы тапсырмасына сәйкес ауданда қосылған кенттердің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін Нұрлытау шағын ауданында өнімділігі тәулігіне 9 000 текше метр тазарту құрылыстарын, ұзындығы 42 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, ұзындығы 3,4 км сумен жабдықтау, 2,5 км жылумен жабдықтау және 19,8 км газбен жабдықтау желілерін реконструкциялау және жаңаларын салу жоспарлануда.
«Бүгінгі таңда ауданды газбен 100% қамтамасыз ету міндеті тұр. Ауданда 6363 жеке сектор үйлері бар, олардың 99,5% - ы газдандырылған. Қалған 158 үй ағымдағы жылы газ құбырына қосылатын болады», - деді А.Рахымбетов.
Аудандағы газ құбыры желілерінің ұзындығы 449 км. Өткен жылы 128 жеке үй газдандырылды.
Абаттандыру, жарықтандыру, жол-көлік инфрақұрылымы
Аудан аумағын абаттандыру аясында Ғабдуллин көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, келесі жұмыстар аяқталды:
Қазіргі уақытта ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы субұрқаққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 25,7 км 59 көше мен 1 көлік айрығының жол-асфальт жабынын орташа жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды, ұзындығы 3,8 км тротуарлар салу және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, ауданы 13 000 ш.м астам жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Одан бөлек жоспарда:
Жылына 3500 адамды қамтитын «Gorilla Atakent park» скейт-парк ашылды.
Бюджетке қатысу
«Бюджетке қатысу» жобасы аясында ауданда өткен жылы 13 миллион теңгеге 3 жоба іске асырылды.
Осы жылы 772 млн.теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар: Үлкен Алматы өзенінің жағалауын ағымдағы жөндеу, Көкшоқы шағын аудандағы жарықтандыруды жөндеу. Бағанашыл шағын ауданындағы қала тұрғындарының демалысына арналған шағын бақ., № 3 Оқушылар үйінің аумағын ағымдағы жөндеу және т. б.
Қоғамдық қауіпсіздік және карантиндік шаралардың сақталуы
Құқықтық тәртіпті нығайту, Бостандық ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 5 стационарлық модуль орнатылды.
Карантин режимінің бұзылуына мониторинг жүргізу және анықтау мақсатында 4 мобильді топ жұмыс істейді. 2020 жылы олар 3 447 нысанды тексеріп, 52 159 045 теңге сомасына 797 хаттама толтырды.