
Кездсу барысында Ю.Шэньнің Алматы сапарының екі ел астаналары мен өңірлері арасындағы белсенді саяси ынтымақтастыққа ықпал ететіні атап өтілді.
Бүгінгі күні Алматы мен Қытай арасында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыс динамикасы артып келеді. Биылғы жылы мегаполис пен Күншығыс елі арасындағы тауар айналымы 45%-ға артып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. АҚШ долларын құраған. Қалада қытайлық капиталмен жұмыс істейтін 346 кәсіпорын тіркелген, Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын еліміздегі алғашқы жоғары технологиялы «Asia Steel Pipe» зауытының құрылысы басталды.