
Шахмерден Рыспаев - жеке секторда да, мемлекеттік басқару ісінде де тәжірибесі бар. Мемлекеттік қызметті 2001 Алматы қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған.
2002-2005 жылдар аралығында «Медеу» мемлекеттік табиғи паркінің аға консультанты қызметін атқарған.
2010-2015 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығы болған.
2015 жылдан бастап Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын аудан әкімі болған Бағдат Манзоров Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.
Алатау ауданы 9 жыл ішінде жедел қарқынмен дамыды, мұнда 4 жаңа емхана, 9 мектеп, 12 мемлекеттік бала бақша, Атлеттер ауылы, «Алматы арена» салынды. «Алғабас-6», «Нұркент», «Ақкент» ықшам аудандарында тұрғын кешендерінің құрылысы жалғасуда. 9 жыл ішінде ауданда өндіріс өнімі 12 ,3 есе, инвестиция 32 есе өсті. Салық түсімі 3 есе артып, 22,5 млрд. теңгені құрады.