Алматыда Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысындағы учаскеге көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізілді

Алматыда Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысындағы учаскеге көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізілді

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауы бойынша, көлік қозғалысы Райымбек даңғылы бойынша шығыс бағыттағы бағдаршамнан жолайрығының тоннелді бөлігіне ауыстырылады. Райымбек даңғылының оңтүстік бағытындағы Пушкин көшесінен Есенов көшесінің қиылысына дейінгі аумақта «қоғамдық көліктен» басқа тура жүретін барлық көліктердің қозғалысы жабылады. Бұлардан өзге, сызбаның өзгеруіне орай әрі сол жақ айналымға тыйым салынудың арқасында Сүйінбай даңғылынан Райымбек даңғылын, Райымбектен Сүйінбай даңғылын көрсететін бағдаршамның жұмысы да жеңілдейді.