Алматы қаласының Түрксіб ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматы қаласының Түрксіб ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ол мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2008 жылы Қостанай облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары инспектор, кеңесші, Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010- 2016 жылдары «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарының әкімі, Астана қаласы коммуналды шаруашылық Басқармасыныцң басшысы лауазымдарында болған. 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

Алматы әкімі ауданның жаңа басшысының алдына принципті және жүйелі әдісті талап ететін бірқатар міндеттерді қойды.

Қазіргі кезде Түркісб ауданындағы 508 үй немесе олардың 50%-ы ескі үйлер. Биылғы жылы инвесторлармен бірігіп, «Алтай-2» ықшам ауданында «Ескі үй»бағдарламасын қолға алып, 2 500 пәтерлі 40 жаңа үйлердің құрылысын бастау қажет. Ауданның жаңа әкімі Глазунов көшесі бойында салынуы тиіс 2062 пәтерлі 48 көпқабатты үйлердің құрылысына қатысты мәселені қосымша шешуі қажет.

Түрксіб ауданының экономикалық әлеуеті жоғары. Мұнда «АЗМК» ЖШС, «ЭФКО» ЖШС, «Бижан» ЖШС және басқа ірі өндіріс орындары бар. Жалпы, ауданда 93,4 млрд. теңгенің өнімдерін шығаратын 46 ірі және орташа өндіріс орындары жұмыс істейді.Кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз етіп, өзара байланысты қалыптастырып, аудандағы шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

Биыл ауданға 80 ауланы күрделі жөндеуден өткізу үшін 918 млн. теңге бөлінді. Олардың барыша сапалы әрі уақтылы аяқталуын қамтамасыз еткен жөн.

Жыл аяғына дейін Сейфуллин атындағы саябақты, Жұлдыз ықшам ауданындағы, Р.Зорге және Б.Майлин атындағы көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізуді аяқтау керек.

МЖӘ аясында жаңа мектеп жасына дейінгі мекемелерді ашу жобасын одан әрі жалғастырған жөн.

Аудан әкімі қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасымен бірге қалаға қосылған Әлмерек, Колхозшы, Қайрат елді мекендерінде ұзындығы 52 км су және 67 км болатын газ желісінің құрылыстары жөніндегі мәселені жүзеге асыруы тиіс. Қала басшысы бұлардан өзге 32 км 17 көше салуды және 17,6 км болатын 49 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.

Алматы әкімі актив барысында Түрксіб ауданының бұрынғы басшысы Владимир Устюговке атқарған жұмысына және зейнеткерлік жасқа жеткеніне алғыс білдірді.

Соңғы 10 жыл ішінде ауданда 1 мыңнан астам жаңа кәсіпорындар ашылды, 25 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. Инвестиция тарту 2,5 есе артып, 53 млрд. теңгеден асты немесе әр тұрғынға 245 мың теңгеден келді. Бөлшек және көтерме сауда айналымы 5 есе өсіп,1,1 трлн. теңгені құрады. Орташа жалақы 2,3 есе өсіп, 158 мың теңгеден асты. Салық түсімі 3,3 есе артып, 60 млрд. теңгені құрады. Әлеуметтік инфоақұрылым қарқынды дамыды, 5 мектеп және 8700 орынды 7 қосалқы ныснадар салынып, 31 мектеп жасына дейінгі мекемелер ашылды.