
№6955/6956/6957/6958 «Алматы-1 – Қапшағай»
№6945/6946/6947/6948 «Алматы-2 – Қазыбек бек» (Ұзынағаш).
Поездар күніне екі рет қатынайды: таңғы уақытта Қапшағай қаласы мен әкімшілік орталық Ұзынағаштан шығады, кешкісін Алматы қаласынан кері бағытта жүреді.
№6955/6956/6957/6958 «Алматы-1 – Қапшағай» поезы мына бекеттерден жолаушыларды отырғызады, баратын жерлерінде түсіреді: Алматы-1, Медеу, Байсерке, Қайрат, Жетіген, Іле, Қапшағай станциясы, Қапшағай қаласы. Поездарда орындықтары бар 6 жайлы вагондар бар, жолға орташа кететін уақыт – 1 сағат 30 минут.
Жолға шығу станциясы, келетін станциясы. Кету және келу уақыттары
Алматы -1 13:27 Қапшағай 14:53
Алматы -1 20:17 Қапшағай 21:43
Қапшағай 05:45 Алматы -1 07:03
Қапшағай 15:45 Алматы -1 17:03
№6945/6946/6947/6948 поезы «Алматы-2 – Қазыбек бек » (Ұзынағаш) мына бекеттерде жолаушыларды алады және түсіреді: Алматы-2, Алматы–1, Бурундай, Ақсеңгер, Шамалған, Жангелді, Қазыбек би, орындықтары бар жайлы 9 вагондардан тұрады, жолға кететін орташа уақыт – 1 сағат 30 минут.
Жолға шығу станциясы, келетін станциясы. Кету және келу уақыттары
Алматы -2 11:18 Қазыбек би 13:09
Алматы -2 18:43 Қазыбек би 20:41
Қазыбек бек 06:03 Алматы -2 07:58
Қазыбек бек 13:43 Алматы -2 15:52
Жол ақысы 80 теңге. Билеттерді «Оңай» жүйесі арқылы жолсеріктер поездың ішінде сатады. 2018 жылдан бастап «Оңай» картасы арқылы төлем жасалады.
Аталған бағыттардың барлығында жол тарифін қожетімді ету үшін Алматы қаласының әкімдігі субсидия бөліп отыр.