Алматының тарихи орталығының үштен бірін қайта жасау жұмыстары жалғасуда

Алматының тарихи орталығының үштен бірін қайта жасау жұмыстары жалғасуда

Мегаполис басшысына аталған учаскелерде инженерлік желілердің ауыстырылғаны, ғимарат сыртының жаңарғаны, бірыңғай стильдің енгізілгені, гранит тастардың төселгені баяндалды.

Қабанбай батыр көшесінің екі жағынан Төлебаев пен Абылайхан көшелерінің арасына бірнеше күн ішінде тас төсеу жұмыстары аяқталады. Гоголь көшесі бойында жасыл желекті суаратын жүйе тартылуда, Қалдаяқов пен Желтоқсан көшелерінің арасына тас төсеу қыркүйектің басында іске асады. «Астана» алаңында қозғалыс жолағы азайған, құрғақ фонтандарды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, тас төсеу де аяқталып қалды. Алаң қыркүйек айының басында ашылады.

Алматы әкімі жүргінші тротуарларына тегіс, сапалы әрі экологиялық таза гранит плиткаларды төсеу, жайлы көше жиһаздарын қою, түрлі ағаштарды отырғызу, арықтардан су ағызу, көліктің болмауы, ретсіз жасалған жарнаманың, сырты әбден ескірген фасадтардың жойылуы қала орталығын барынша жайлы әрі танымал ететінін атап өтті.

Жалпы, жаңа тас төселген, орындықтар, кіші пішінді архитектуралық формалар қойылған, жарық көздері орнатылған, жасыл желекпен көмкерілген, демалыс аймақтары, балалар алаңдары, веложолдары жасалған барлық обьектілер 16 қыркүйекте дайын болады деп жоспарланған. Атап өтерлік жайт, мамандар ағаш отырғызуды күз мезгілінде бастау туралы шешім қабылдаған. Бұлар тамыр жайған ағаштар: қайың, терек және басқалары. Барлығы 330 мың м2. жасылдандырылады.

Атап өтерлік жайт, қалада барлық магистральды көшелердегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу аяқталды. Қыркүйектің басында Асқаров көшесінің бойындағы су құбырларын және Қазыбек би, Маметова, Масанчи көшелерінің бойындағы учаскелерде жылу жүйелерін қайта жасау жұмыстары қыркүйекте аяқталады. Сонымен қатар, 14,7км арық желілері, 57 көшедегі 42,2 км арық жүйелері қайта жасалуда.

Жыл аяғына дейін 102 өтпелі жолға жарық түсіріліп, олар қайта жаңарады. Биыл әр ауданда 472 жаңа аула алаңдары, екіден жүргінші аймақтары пайда болады.