Алматы әкімі қаланың инженерлік және көлік инфрақұрылымын қайта жасаудың барысын тескерді

Алматы әкімі қаланың инженерлік және көлік инфрақұрылымын қайта жасаудың барысын тескерді

Қала әкіміне Абай даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде екі бағыт бойынша көлік қозғалысын ашу 25 қыркүйекке жсопарланғаны баяндалды. Қазіргі кезде мұнда көпірдің солтүстік бөлігіндегі жұмыс аяқталған.Жобада көпір астына да өтпелі жол салу қарастырылған.

Бауыржан Байбек жақын орналасқан аумақты аралап шыққан соң Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Абай даңғылының оңтүстік жағындағы «Достық» спорт кешені алдына қойылған көліктерді бір апта ішінде ретке келтіруді және жаяу жүргіншіге жайлы болу үшін тротуарларды жасыл жолақпен қамтуды тапсырды.Жалпы, биыл қалада 26 км тротуар реттелді және жөнделді. Жұмыс сапары аясында мегаполис башысы жүргіншіге басым беретін Қабанбай батыр, Панфилов, Жібек жолы, Гоголь көшелері мен «Астана» алаңының қайта жасау барысын тексерді.

Бүгінгі күні мұнда жауынды, суару және кабель желілері тартылған, құрғақ фонтандардың қондырғылары қойылған. Ғимараттардың сыртқы келбеті мен кіре берістері жаңарған, шырақ діңгектері орнатылған, дерн мен кесілген тастарды төсеу аяқталып қалған. Жақын арада орындықтар, урналар, кіші пішінді формалар қойылады. Барлық обьектілер Қала күніне дайын болады деп жоспарланған. Атап өтерлігі, жасыл желек отырғызу күзде басталады, олар: қайың, терек және басқа да биік болып өсетін ағаштар. Жалпы, 330 мыңнан астам шаршы метр жер жасылдандырылады.

Алматы әкімі жылу желілерін қайта жасау жұмыстарын да тексерді және мердігерлік ұйымдарға жөндеу жұмыстары аяқталған соң аумақты талапқа сай абаттандыруды қадап тұрып айтты. Маметова мен Масанчи көшелері және Төле би көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі учаскеде қазылған ор жабылуда, көлік қозғалысы бөлігінде бұл жұмыс бірнеше күнге жалғасады. Қазыбек би көшесі мен Төле би көшесі бойындағы ұзындығы 1,6 км болатын учаскеде жұмыс 25 қыркүйекте аяқталады. Жаңа жылу маусымына дейін 32 км жылу жүйесі жөнделеді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,7 есе көп.Жөндеу жұмыстары құбырларды изоляциялаудың жаңа әдісімен атқарылуда, бұлардың жұмыс мерзімі 40 жыл.

Жалпы, биыл 317 км су және 265 км кәріз желілерін қайта жасауға және жөндеуге қаржы бөлінген. 284 км жаңа су желілерін іске қосу 175 мыңнан астам тұрғыны бар 35 мың үйді сумен қамтудың орталық жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қалада Фурманов, Абай, Хмельницкий көшелерін үңгілеу және бірнеше жолайрықтарын салу жұмыстары да жалғасуда. Биыл 472 жаңа аула және әр ауданда екіден жүргінші аумақтары пайда болады. Жыл аяғына дейін 102 ретсіз өтпелі жол қайта жасалып, түн мезігілінде жарық көзімен қамтамасыз етіледі.