Кездесу барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өткен VI шақырылымдағы мәслихат депутаттарының жұмыстарын атап өтті және олардың мегаполисті дамытудағы, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен инвестициялық тартымдылықты нығайтудағы бірігіп атқарған жұмыстарына ризашылығын білдірді.
Ризашылық ретінде VI шақырылымдағы мәслихат депутаттарына «Еңбегі үшін» төсбелгісі мен Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттары тапсырылды.