
«Бұл стадион Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 605 млн. теңге бөлген инвесторлардың қолдауы арқасында салынды. Соңғы жылдары Алматыда спорт нысандары көп салынуда, ал бұл жастардың спортпен айналысуына кең мүмкіндік беруде. Өйткені Алматы – тек мәдениет пен медицинаның, білімнің ғана емес, сонымен қатар спорттың да қаласы", - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Стадион «Алматы Арена» мұз сарайының артына, қолайлы жерге орналасқан, оның жалпы алаңы - 39 000,00 шаршы метр мұнда жеңіл атлетиканың 47 түрімен айналысып, футбол тебуге де болады. Ашық стадионда 100,400 метрлік жүгіру жолдары, 100 х70 м. көлемдегі жасанды футбол алаңы, ұзындыққа және биікке секіретін алаңдар, көлемі 100х62 м. болатын ядро, диск, найзағай лақтыруға лайықталып жасалған табиғи шөппен көмкерілген арнайы аймақтар бар. Шығысына жиналып, қайта жасалатын 300 орынды заманауи мінбер қойылған.
Айта кетерлігі, Медеу ауданындағы «Халық Аренаның» жанынан да барлық халықаралық стандарттарға сай келетін 5000 орынды замануи жабық жеңіл атлетикалық стадион салу жоспарланған.