Жылу маусымында жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету

Жылу маусымында жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету
Бүгінде Алматыда жылу маусымы штаттық режимде өтуде. 
 
Қоғамға қажет барлық нысандар мен әлеуметтік объектілер 100%-ға жылуға қосылған және тұрақты жұмыс істейді.
 
Жылу маусымында қызмет көрсетуге жұмылдырылған коммуналдық қызметтер (АлТС, КБАЭ, АлЭС, Алматы су, АЖК және ҚазТрансГаз-Аймақ) жоғары дайындық режимінде жұмыс істейді.
 
Алматы қаласының оңтүстік бөлігінің тұрғындарын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету және әл-Фараби - Жароков - Тимирязев - Розыбакиев шаршысындағы жаңа тұрғын үй кешендерінде қарқынды құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «Каскад» ҚС 110/35/10-6кВ және «Алмагүл» ҚС 110 кВ жаңа қосалқы стансаларының құрылысы басталды. 
 
Қазандықтың қуатын арттыру үшін және Алматының оңтүстік ауданында жылу энергиясының тапшылығын жою үшін, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Оңтүстік» аудандық қазандығы қуатын 55 Гкал-ға ұлғайта отырып, қайта жаңғыртылуда. 
 
Жыл сайын барлық жұмыстар Алматы қаласының тұрғындарын инфрақұрылыммен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
 
Бірінші кезектегі мақсат – бұл тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайын жақсарту, коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі және нақты тұтынған энергиясы үшін төлем жүргізу.