Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді

И. Өсеров өз даусын №507 сайлау учаскесінде берді.

«Бұл – азаматтық ұстаным. Қаланың, жалпы еліміздің таяудағы бес жылда қалай дамитыны осы сайлаудағы таңдауымызға байланысты. Біздің болашағымыз да осыған байланысты», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров.

Сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданды. Дауыс берушілердің дене қызуы өлшеніп, учаскелік комиссия мүшелері мен бақылаушылар бетперде киіп жұмыс істеуде.