«Grin Lab»  ЖШС-нің және «МК Сұңқардың» «Bio Lab» ЖШС- нің зертханалары ПТР-тестілеуді рұқсатсыз жүргізуде  

«Grin Lab»  ЖШС-нің және «МК Сұңқардың» «Bio Lab» ЖШС- нің зертханалары ПТР-тестілеуді рұқсатсыз жүргізуде  
Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті заң бұзушылық туралы және зертханалардың рұқсат етілмеген қызметінің қандай қауіп төндіретінін түсіндірді.
 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық ережелеріне сәйкес  халықты COVID-19-ға қатысты ПТР тестілеуден өткізетін зертханалар ІІ топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеуі үшін режимдік комиссияның рұқсатын алулары тиіс.
 
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына сәйкес эпидемиологиялық қиындық кезеңде зертханалар ІІ топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін режимдік комиссияның рұқсатын алулары тиіс және COVID-19 диагностикасы үшін зертханалар уақытша ұсыныстарды орындаулары қажет.
 
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің мәліметі бойынша қалада екі зертхана - «Grin Lab» ЖШС-нің  және «МК Сұңқардың» «Био Лаб» ЖШС-нің зертханалары халықты COVID-19-ға қатысты ПТР тестілеуді режимдік комиссияның рұқсатынсыз жасауда.
 
Жоғарыда аталған зертханалар қайта сынақтан өткізу үшін оң үлгілерді (сапаны сыртқы бақылау нысаны) ҚР ДСМ-нің ҚДСҰО СЭСМҒПО  филиалдарының анықтамалық зертханасына жібермейді.
 
Сонымен қатар, «МК Сұңқар» ЖШС-нің «Био лаб» зертханасы және «Grin Lab» ЖШС ҚР БМСДҚ бірқатар талаптарына сәйкес келмейді, оның ішінде:
 
- COVID-19 диагностикасы бойынша зертхананы орналастыру бойынша уақытша ұсыныстарды орындау туралы;
 
- Департаментке COVID-19 тестілеуі аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелері туралы хабарламайды;
 
- оң нәтиже анықталған жағдайда Департаментке 2 сағат ішінде хабарлама жібермейді, содан кейін 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттама жасалмайды;
 
- 2 сағат ішінде COVID-19 сынағының оң нәтижесі туралы хаттаманың көшірмесін және ұсынылған форма бойынша есепті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына және Департаментке бермейді;
 
- оң нәтиже болған жағдайда, Департаментке қосымша шұғыл хабарлама жібермейді;
 
- Департаментке белгіленген үлгі және жиілікке сәйкес тексерілген адамдардың саны мен санаты туралы есептер ұсынбайды;
 
- жоғарыда аталған зертханалардың зертханалық және медициналық ақпараттық жүйелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық сараптама орталығы» бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланбаған;
 
- «ҰСО» ақпараттық жүйесінде ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеуіне электронды жолдаманы тіркеуді қамтамасыз етпеді.
 
Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар COVID-19 сынағының оң нәтижесі бар науқастардың толық тіркелмегендігіне, эпидемияға қарсы (профилактикалық) шаралардың уақтылы өткізілмеуіне сәйкес, қала тұрғындары арасында инфекцияның таралуына ықпал етеді.